АлЭС: 2021 жылға реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп бойынша тыңдау

2022 жылғы 22 сәуірде «АлЭС» АҚ 2021 жылға реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп берілді. Тыңдауға тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

«АлЭС» АҚ жылу энергиясын өндіру және суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсыну бойынша табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер жүргізуімен қамтамасыз етіледі.

«АлЭС»АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Әсел Арғынбаева компанияның 2021 жылғы инвестициялық бағдарламасының орындалуы және қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі есеп берді.

Жылу энергиясын өндіру бойынша

2021 жылдың қорытындысы бойынша қызметтен көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 5 504 мың Гкал құрады, бұл бекітілген тарифтік сметада көзделген көлемнен 60 мың Гкал немесе 1,1%-ға аз.

Жылу энергиясын өткізуден түскен кіріс 18 670,9 млн. теңгені, шығыстар 20 165,3 млн. теңгені құрады. Қызметтен болған шығын 1 494,4 млн. теңге.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде іске қосылған активтерден амортизациялық аударымдар 646,3 млн.теңге сомасында инвестициялық бағдарламаны іске асыруға және «Алматы 2-ЖЭО қайта жаңарту және кеңейту. III кезек. №8 қазандық агрегаты» инвестициялық қарыз бойынша негізгі қарызды өтеуге 1 441,9 млн. теңге көлемінде бағытталған.

Суды магистральдық құбыр жолдары (ХТС) арқылы беру бойынша

2021 жылдың қорытындысы бойынша қызметтен көрсетілген қызметтердің нақты көлемі 29,7 млн. м3 құрады, бұл бекітілген тарифтік сметада көзделген көлемнен 0,5 млн. м3 немесе 1,7%-ға артық.

Химиялық тазартылған суды өткізуден түскен кірістер 1 780,6 млн. теңге, шығындар 1 853,6 млн. теңге, шығын 73,0 млн. теңге.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес амортизациялық аударымдар инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталған. Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар 42,0 млн. теңге сомасына өз қаражаты есебінен толық көлемде орындалды.

Тұтынушылармен жұмыс бойынша

Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жұмыстың негізгі мақсаты-жылу энергиясын өндіру бойынша қызметтерді сапалы және үздіксіз ұсыну.

Жылу энергиясын жеткізудегі негізгі өлшемшарттар «АлТС» ЖШС беретін температуралық кестені орындау, желілік су қысымын ұстап тұру болып табылады. 2021ж. «АлТС» ЖШС-нің температуралық кесте және желілік су қысымын ұстап тұру бойынша тапсырмасын «АлЭС» АҚ толығымен орындалды.

Дебиторлық берешекті өтеу мақсатында Қоғам тұтынушылармен жұмыс жүргізеді, берешекті өтеу талабымен дебиторларға талап-арыз жібереді.

Алайда, «АлТС» ЖШС дебиторлық берешегі бойынша мәселе өткір тұр. 01.04.2022 ж. жағдай бойынша «АлЭС» АҚ алдындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін «АлТС» ЖШС-нің дебиторлық берешегі 9,9 млрд. теңгені, оның ішінде мерзімі өткен 7,0 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, баяндамада компания қызметінің 2021 жылғы негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері баяндалды, сондай-ақ есепті кезеңде бекітілген тарифтік сметаның статейлік орындалуы бойынша қаралды, компания қызметінің перспективалары анықталды.

 

Анықтама:

«Алматы электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласында және Алматы өңірінде жылу және электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым.

«Алматы жылу желілері» ЖШС («АлТС» ЖШС) – Алматы қаласын жылу энергиясымен жабдықтау, тарату, табыстау бойынша ұйым.

ХТС – химиялық тазартылған су.