Желмен жарысқан жүйрік

Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жөндеу жөніндегі электр цехы бастығының орынбасары Александр Климов 4 жылдан астам уақыт бойы жұмысқа велосипедпен қатынайды

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары менің әкем кеңестік «Турист» велосипедін сатып алды, мен ол кезде мектепте оқыдым. Ал менде кішкентай «Уралец» велосипед болды. Әкем екеуміз жиі бірге велосипедпен жүретінбіз. Ол маған тас жолдағы екі доңғалақтыны қалай меңгеруді үйретті.

Содан кейін бұл велосипед біздің балконымызда ұзақ уақыт бойы шаң-шаң болып жатып қалды. Осыдан жеті жыл бұрын мен «Турист» велосипедін қалпына келтіруге бел будым. Негізі жағдайы жаман емес, тек бір-екі бөлшектерін ауыстырдым: дөңгелек, отыратын жұмсақ орындығын және т.б. ұсақ-түйек. Рулі өзінікі, тек өзіме ыңғайлы қылып жасап қойдым.

Мен төрт жылдан астам уақыт жұмысқа осылай қатынап жүрмін. Негізінен құрғақ ауа-райында наурыздан қарашаға дейін, шамамен сегіз ай. Қыста велосипедпен салқын. Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ауданында тұрамын, жұмысқа 15-20 минутта жетемін. Ал жұмыстан шыққанда үйге шаршағандық пен жоғары қарай жүруді ескергенде 35-40 минут ішінде жетемін. Менің үйге қайтқан рекордым – 25 минут, ол асыққан кезде болған. Маған велосипедпен жүру ұнайды, жол кептелістеріне уақытымды үнемдеймін. Менің үйіме дейін 7 км, орташа жылдамдығы шамамен 25-30 км/сағ. Өзіммен бірге үнемі барлық кілт-құралдар мен қосымша бөлшектер болады. Осылармен бірге велосипедтің салмағы шамамен 15 кг құрайды. Өйткені, велосипед неғұрлым жеңіл болса, тауға шығу оңайырақ болады.

Соңғы уақытта көшедегі адамдар менің ескі велосипедіме назар аудара бастады. Таң қалатындары да бар. Мен жұмысқа жетіден кете немесе жетіден ерте барамын. Шеберхананы ашу керек, біздің жұмыскерлер жұмысқа ерте келеді. Басты қалқанды аралап қайту керек. Біздің станция аумағы бойынша үлкен. Велосипедпен жұмысқа біздің цехтен екі адам болып қатынаймыз, ақыл-кеңес сұрсып, бір-бірімізге серікпіз.

Велосипедпен жүргенде, менде қанат пайда болған секілді, қуаныштан күлімдеген бетімнен жел бүркіп, бойымда еркіндік пайда болып, ұшқым келеді. Мен «Турист» велосипедімді қалпына келтіргенде, Абай даңғылы бойында алғашқы велосипед жолын салуды бастаған болатын. Ал қазір мен жолдың көп бөлігін веложолдармен жүріп өтемін.

Демалыс күндері мен жиі велосипедпен жүремін, ата-анама барамыз, ұлыммен бірге серуендейміз. Мен екі доңғалақтымен жан рахаты үшін айналысамын. Бұл керемет іс. Қазіргі таңда велосипедті жинауға, ескісін қалпына келтіруге, жаңасын сатып алуға да мүмкіндіктер көп. Мен велосипедті жақсы көретіндердің барлығына өз моделін табуға кеңес беремін.