АЛЭС-те экологиялық науқан басталды: «Батарейкаларды тапсыр – планетамызды қорға!» «Жасыл планетамызды сақтайық»

«Алматы электр станциялары» АҚ жұмыскерлері 2022 жылдың 18 сәуірінде басталып, Қоғамда төртінші рет ұйымдастырылатын жақсы дәстүрге айналған «Батарейкаларды тапсыр – плантамызды қорға!» және «Жасыл платенамызды сақтайық» тақырыбында өтетін кезекті науқанға қатысады.

Батарея (фр. batterie) – екі немесе одан да көп параллель немесе кезектесіп жалғастырылатын электр элементтері. Әдетте бұл термин электр химиялық энергия көздерін/электр тоғын (гальваникалық элементтер, аккумуляторлар, отын элементтері) қосуды білдіреді.

БАТАРЕЙКАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ?

«Саусақты батарейканың бір данасының құрамында 10%-ға дейін сілті бар, ол табиғатта 100 жылдан астам уақыт бойы ыдырайды. Кәдімгі қоқыс жәшігіне түскен бір батарея біршама уақыттан кейін 20 шаршы метрге дейінгі топырақ аумағын немесе 400 литр суды ластауға қабілетті. Пайдаланылған батарейкаларды қажетті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдықта кәдеге жарату керек. Қоғам қызметкерлері бір адамдай осы игі қайырлы істі-науқанды қолдайды деп үміттенеміз, себебі экология тақырыбы ешқашан өзектілігін жоғалтпайды».

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

Бірінші кезекте:

– батареяларды ұзақ қайта пайдалануға болатын аккумуляторларға ауыстыру арқылы тұтынуды азайтуға болады;

– батарейкалар арнаулы пункттеріне тапсыру немесе экологиялық акцияға қатысу;

– пайдаланылған батареялар мен аккумуляторларды басқа қоқыспен бірге тастамаңыз.

Өндіруші әрбір батарейканың корпусына батареяларды тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға жол берілмейтіндігін көрсететін арнайы белгі (үстінен сызылған қоқыс шелегінің бейнесі) орналастырады.

Күн сайын еліміздегі көптеген кеңселер мен үйлерден қомақты қағаз қалдықтары – макулатура шығарылады. Тиімді пайдалану және әрқайсымыздың үнемшіл әрекетке құрылған әрекетімізбен ағаштарды мыңдап сақтап, бірнеше рет қолдануға болады.

НЕЛІКТЕН МАКУЛАТУРА ЖИНАУЫМЫЗ КЕРЕК?

– Қағаз өндірісі, әсіресе өндіріс процесінің алғашқы кезеңдерінде қоршаған ортаға көптеген зиян келтіруі мүмкін. Көптеген токсиндер қоршаған ортаға түседі (формальдегид, хлор диоксиді және басқалар);

– Қағазды қайта өңдеу өндіріс кәсіпорындары тұтынатын энергия көлемін төмендетеді. Түрлі бағалауларға сәйкес қалдықтарды өңдеудің дұрыс ұйымдастырылған процесі пайдаланылатын электр энергиясының көлемін 40%-дан 65%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді;

– Картонды, макулатураны қайта өңдеу процесін ұйымдастыру орман ағаштарын аралау көлемін азайтуға ықпал етеді.

Статистика деректеріне сәйкес, соңғы бірнеше он жылдықта адамзат 4-5 есе көп қағаз көлемін пайдалана бастады, жыл сайын біз миллиондаған тонна қағаз тұтынамыз. Планетамызда кесілген ағаштардың үштен бірінен көбі целлюлоза-қағаз фабрикаларына жіберіледі, олардың жалпы санының тек 16%-ы өнеркәсіп үшін арнайы өсірілген ағаштар. Сапасы мен түріне байланысты тонна қағазды қайта өңдеу бір тоннадан екі тоннаға дейін ағашты сақтай алады.

Қағаз қалдықтарын бөлек жинау Қоғам қызметкерлерінің эко жауапкершілігі мен үнемшілдігін оятады, бізді біріктіретін және ұйымшыл ететін пайдалы әрі қайырылы істен қуаныш алу сезімін оятады.