А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО: Шанлақбаев Асхар Құрматұлы құрметті демалысқа шықты

2022 жылғы 15 сәуірде 2-ЖЭО станциясында басқарушы директоры Шанлакбаев Асхар Құрматұлын құрметті демалысқа шығарып салды. Асхат Құрматұлының энергетикадағы үздіксіз жұмыс өтілі 40 жылды құрайды.

Асхар Құрматұлы Алматы энергетика университетін бітіріп, бағыт бойынша «Казэнергоналадка» РСПП-на жіберілді.

Онда Қазақстанның атақты техникалық мамандары Қ.Б.Ысқақовтың, А.В.Доховтың, А.В.Тимченконың мектебінен өтіп, мол білім мен тәжірибе меңгерді. «Казэнергоналадка» РСПП-да жұмыс істеген 15 жыл ішінде бүкіл Қазақстанды аралап шығып, тас көмір негізгі отын болып табылатын барлық станцияларда болды.

Алматы 2-ЖЭО өндірістік департаментіне Асхар Құрматұлы 1998 жылдың шілде айында келді. Үлкен тәжірибесі мен біліміне қарамастан, қазандық цехындағы 3 дәрежелі багерлік сорғының моторисі болып бәрін қайтадан бастады.

Асхар Құрматұлы өзінің қажырлы еңбегінің арқасында лауазымдық сатының барлығынан өтті: қазандық цехының бастығы, бас инженердің орынбасары, 2-ЖЭО бас инженері, «Энергожөндеу» ӨЖК, 3-ЖЭО және А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Басқарушы директоры.

Асхар Құрматұлымен 1977 жылдан бері Алматы энергетика институтының Жылу энергетика факультетіне жылу электр станциясы мамандығына оқуға түскен кезімнен таныспын. Ол үшінші курста оқыды, былайша айтқанда, «аға буын» болды. Содан кейін біз 2-ЖЭО-да қайта кездестік, сол кезде мен қазандық цехының бастығы болып жұмыс істедім. «Казэнергоналадкада» үлкен тәжірибесі бар ол станция жабдықтарының схемалары мен ерекшеліктерін тез игерді. Алайда ол барлығын жаңадан қайта бастады.

Мен Асхар Құрматұлының аналитикалық ақыл-ойы мен үлкен еңбекқорлығын атап өткім келеді. Ол бір жерде отыра алмайтын, үнемі жабдықтарды аралап, тексеріп отырды. Талапшыл және бастамашыл тұлғасымен танылды.

Мен жұмысқа қатысты бір жағдайды айтып берейін. Мен қазандық цехының бастығы болып жұмыс істедім, ал Асхар Құрматұлы сол кезде осы қазандық цехының жөндеу жөніндегі менің орынбасарым болды. Оның өз кабинетінде цехтың барлық орын – жайларының кілтін қалдыратын әдеті болды. Ал кабинеті үнемі ашық тұратын. Мен кілттердің қараусыз қалмауы үшін бірнеше рет ескерту жасадым, бірақ ол жауап бермейтін. Содан, бір күні мен оның кабинетіндегі кілттерді алып кеттім. Уақыт таңертеңгі сағат он шамасында болатын. Біраз уақыттан кейін цехты аралау барысында мен қазандық цехының барлық шеберлерінің, инженерлерінің, сондай-ақ ӨЖЖ шеберлерінің алаңдаушылық күйде тұрғандарына назар аудардым.

Асхар Құрматұлы барлық қол астындағылармен кілттерді іздеп станцияны түгелдей айналып өтіпті. ҚҚЦ, АМЦ учаскелерінн, КА №8 құрылыс алаңын, минус 12 белгіден қазандық барабанына дейін барлық қазандықтарды, қазандық цехының барлық қосалқы жабдықтарын аралап шыққан екен. Мен кешкі жиналыста кілттерді қайтардым да, келесі жолы кілттердің мүлде жоғалатынын ескерттім.

Мен өз жұмысына және өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби тұрғыдан білікті маман ретінде Асхат Құрматұлын ерекше құрметтеймін. Ол әріптестерімен сыйластыққа құрылған қарым-қатынаста және қиын сәттерде әрдайым көмек көрсете алатын тұлға.

Исахан Сырғабаев, Б.Оразбаев атынағы 1-ЖЭО басқарушы директоры.

Асхар Қурматұлы – өз мамандығына адал адам. Өзінің бүкіл еңбек қызметін электр станцяның сенімді әрі үздіксіз, үнемді жұмысына арнап келеді.

Оның сарқылмас энергиясының арқасында 2-ЖЭО аумағында футбол, волейбол және жаттығу алаңдары пайда болды, химиялық су тазарту бактарының айналасында шыршалар отырғызылып, асфальт жолдар төселді және т.б.

Асхар Құрматұлы сияқты адамдар еңбек демалысында жұмыссыз отыра алмайды. Оның сарқылмас энергиясы, өмірлік тәжірибесі мен кәсібилігі әрқашан сұранысқа ие болады. Асхар Құрматұлы жоғары деңгейдегі және кәсіби басшы. Біздің еңбек жолымыз ұқсас. 2-ЖЭО өндірістік департаментінде бірге бастап, багерлік сорғы машинисінен бастап басқарушы директор лауазымына дейін өндіріс басшысының қалыптасу жолынан өттік. Жұмыс барысында көптеген табысты басшы кадрлар дайындалды. 2-ЖЭО өндірістік департаментін кадрлар ұстаханасы деп бекер айтылмаған.

Фазоил Салимов, 3-ЖЭО басқарушы директоры.

«АлЭС» АҚ ұжымы Асхар Құрматұлына көп жылғы жемісті және адал еңбегі үшін үлкен алғыс білдіреді. Шын жүректен амандық, зор денсаулық және ұзақ өмір тілейді.