2021 жылға реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тұтынушылар алдында есеп беру туралы хабарландыру

«Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдау форматында бекітілген тарифтік смета және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы 2021 жылғы есебі өткізілетіні туралы хабарлайды:

1. Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: «Алматы электр станциялары» АҚ мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 7;

2. Есеп берудің өткізілетін күні мен орны: 2022 жылғы 22 сәуір сағат 15:00, Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, 433, Б.Оразбаев атындағы ЖЭО-1 департаментінің әкімшілік ғимаратында;

3. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі: жылу энергиясын өндіру бойынша қызметтер, суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі қызметтер.

Сонымен қоса, 2022 жылғы 29 наурызда тұтынушылар алдында есебі өткізілетіні туралы хабарландыру «Егемен Қазақстан» №58 (30287) және «Казахстанская правда» №58 (29685) республикалық газеттерінде жарияланды.

 

Презентация