АлЭС-те сенбілік өтті

2022 жылғы 9 сәуірде қалалық сенбілік пен "Birge – taza Qazaqstan" республика көлеміндегі акция аясында департаменттерде тазалау сенбілігі өтті.

Батыс жылу кешенінің қызметкерлері үш алаңда: 2-ЖЭО-БЖК жылу трассасы, БЖК аумағы, сондай-ақ іргелес учаскелерде тиянақты тазалау жұмыстарын жүргізді.

– Сенбілікке БЖК өндірістік департаментінің 60 қызметкері шықты, үш арнайы техника тартылды. Барлығы қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғаптармен, қаптармен қамтамасыз етілді. Қар еріп, қыс кеткеннен кейін аумақты тазалап, ауладағы ағаштарды ақтап, жан-жақтары тазартылды. Сенбілікшілердің көңіл-күйі көтеріңкі, ауа-райы да қолайлы болды. Өтіп бара жатқан адамдар бізге қарап, киімдеріміздегі логотипті анығырақ көріп, есте сақтауға тырысты. Бізді біле жүрсін, жақсы танып алсын: "Біз АлЭС-піз!", – деді БЖК басқарушы директорының орынбасары Әділбек Нысанбаев.

Электр монтер Диас Жиенқұлов жыл сайын сенбіліктерге қатысатынын айтып, ұжымдағы әріптестерінің барлығы белсенді түрде, бірауыздан, позитивті көңілмен үлкен аумақты ретке келтіргенін айтты. "Бірге жұмыс істеген көңілді әрі шапшаң болады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл!»

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ұжымы департамент және оған іргелес аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Жалпы қалалық сенбілікке барлық цех, бөлім, қызмет пен учаске жұмыскерлері белсенді қатысты. 60-тан астам адам, соның ішінде "Энергожөндеу" ӨЖК жұмыскерлері де төрт машина қоқыс жинады.

– Қазір біз көктемдегі жылдағы дәстүрлі жұмыстарды орындадық: қоқыс шығардық, аумақты былтырғы жапырақтардан тазарттық, апатты ағаштарды кесіп, ағаш қалдықтарын шығардық, ағаштар мен жиек тастарды ақтадық, – деп бөлісті Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Басқарушы директоры Исахан Сырғабаев.

"Энергожөндеу" ӨЖК қызметкерлері Байзақов көшесінің бойындағы, Қазыбек би көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі, БЖК - ЖЭО-2 жылу трассасының бойындағы және ЖЭО-1 аумағындағы абаттандыру учаскелеріне шықты. Тазалау алаңы учаскелерге бөлінді және әр жұмысшы өз учаскесінде көп жұмыс жасады. Сенбілікке 57 қызметкер қатысты.

– Сенбілікке қатысып, белсенділік танытқандардың барлығына үлкен рахмет. Қаламызды жайлы және жасыл ету барша қала тұрғындарының ортақ міндеті. – Жалпы алғанда, бүгін сенбілікке 180-нен астам қызметкер қатысты, бұл аумақты тазалауға бағытталған екі айлық акцияның бастамасы ғана, – деп атап өтті "АлЭС"АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев.

АлЭС-тің әрбір қызметкері өз қаласын әсіресе, табиғат түлеп, айнала гүлдеп, тіршілік оянғанда таза күйде көргісі келеді. Акцияға қатысушылар қала тұрғындарын аулалар мен көшелерді тазалау жұмыстарына қосылуға шақырады.