Батыс жылу кешенінің (БЖК) бұрынғы бас инженері Владимир Александрович Альбрехт жадындағы жарқын естеліктерімен бөлісті
Биылғы жылдың наурыз айында Батыс жылу кешеніне 50 жыл толды. Осы 50 жылдың қазынасында өз тағдыры мен еңбек жолын энергетикамен тығыз байланыстырған адамдардың өмірі, мамандығы мен әріптестеріне деген құрмет, тарихи кезеңдер қамтылған.
Алғашында БЖК Алматы мақта мата комбинатының (АХБК) жанындағы букүштік цехы болатын, мен сол цехқа жұмыс істеуге 1971 жылдың тамыз айында келдім. 1972 жылы 1 наурызда қазандықты Жылу желілеріне берілді, себебі дәл осы кезеңде қала өсіп, кемелдене бастаған, шағын аудандар пайда болды, жаңа аудандарға тұрақты жылу беру керек болды. АХБК энергетикалық кәсіпорын болып табылмағандықтан қазандықты энергетика саласына тапсыру туралы шешім қабылданды. АХБК 1964-65 жылдары салынды және оған қоса жұмысшыларға арнап 1,2,3,4 ықшам аудандары салынды. Бұл тарихи кезеңдер болды. Сол кездегі Совет одағының түкпір – түкпірінен құрылысшылар, тоқымашылар ағылып келе бастады. Біздің кәсіпорында Украинадан келген – Юрий Марченко, Геннадий Ситников те жұмыс істеді.
БЖК іргесінің қалану тарихи кезеңінің бастауында өз ісінің шеберлері Виктор Ветлугин, Иван Щичко, Владимир Перекрестов, Армен Айтоян тұрды. 1972 жылы Алматыэнерго ұйымы 4-қазанды орнату жобасына тапсырыс берді. Қазандық құрылысы екі жылға созылды. Сөйтіп 1974 жылы пайдалануға берілді, осыдан кейін газға өу жобасы басталды. Меншікті газ тарату бекетін салдық, ескі қалқандарды бөлшектедік, қазір жаңа бу орнында күштік қоректік сорғылар мен №3 су жылыту қазандығының қалқаны тұрды. 1975 жылы ауданның оңтүстік-батыс қазандығы кеңейтіле бастады. Орталық тарату пунктінің сорғысына жоба жасалып, 5-ші қазандық пайдалануға берілді. 1976-77 жылдары 6, 7, 8 қазандар іске қосылды.
Орталық тарату бекеті БЖК құрамында болмаған, ол Жылу желілеріне тиесілі болды. Біз оны да өз қарамағымызға алу үшін күрестік, алайда бізге онсыз да көптеген өндіріс қондырғыларына жетекшілік ететінімізді баса айтты. Сол тұста Батыс аудандық қазандықтан сорғыларды алып тастау керек болатын жоба бастамасы қолға алынды, алайда ол гидравлика жағынан өтпеді.
БЖК құрылысы шапшаң жүрді. Монтаждау құрылыс жұмыстарын Сугрэсстрой кәсіпорны жүргізді. Сол кезде қызметкерлерді энергетикалық техникумды дайындайтын, басым көпшілігінде техникалық білімі бар болды. Студенттер негізінен бағыттымамен келді, тәжірибе алды, көпшілігі жұмыс істеуге қалды. Кейінірек, 2- ЖЭО пайда болған кезде, біраз персонал сол жаңа станцияға кетті, онда әрине жұмыс жағдайлары тартымдырақ болды: баспана берілді, жалақы көбірек болды.
Өндірісте күлкілі жағдайларды да кездеседі, жаңа және байырғы қызметкерлермен әзіліміз жарасатын. Бірде таңертең қондырғыларды тексеруші қызметкеріміз қорғаныс дабылын естіген, газдандыру енді басталған кезең, оны көбейту үшін айналдыру керек болған, ал 70 жастан асқан ақсақал жұмысшы А.Папин оны керісінше бұрап азайтқан, содан қорғаныс дабылы іске қосылып кеткен. Кейбір ақсақал қызметкерлер жаңа жабдықты қинала игергендіктен, қорғаныс қондырғысына қарсы болды, олар өздерінің қателіктерге тап болғанына қысылатын.
Өндіріс орнының дамуына кипиялық инженерлер де үлкен үлес қосты. Атап айтсам, Александр Кузьмич Белов, ол менің әкемдей болған тәлімгерім! Бүкіл сұрапыл соғыстан өткен адам. Кейінірек Владимир Перекрестов, Владимир Кочергин, Петр Ананиндер, олар өз саласының нағыз шебер мамандары болды.
2-ЖЭО жұмысы басталғанға дейін БЖК жыл бойы жұмыс істеді және өзінің бар күшін пайдаланды. Біздің барлық қазандар жұмыс істеді, сол кезде біз 2-ЖЭО-ға қарағанда көбірек жылу бердік, содан кейін баяу, бірақ бірден 2- ЖЭО айналымын ала алмадық.
2000 жылға дейін біз толық қуатпен жұмыс істедік, қыс қатың әрі суық болды. КИПИА құрылғыларын қалың сырт киімдермен жылыту үшін жауып, газ құбырларын бұрғылап, батареяларды терезелер бойымен жүргіздік. Батыс аудандық қазандық жартылай ашық болды және өте суық болды, қабырғаларға мұз қататын.
2-ЖЭО-ден келетін судың сапасына байланысты көптеген қиындықтар болды, әр екі-үш жыл сайын конвективтерді және жарамсыз болып қалған экрандарды кесуге тура келді, металл сынықтары тау болып жататын болды. 2-ЖЭО суды өз қажеттіліктері үшін дайындады, ал біз үшін ол өте ауыр болды. Мен бұл мәселені әрдайым көтеріп отырдым, Нұрлан Тауфикұлы Мұхамед-Рахимов басшы болған тұста бұл мәселе шешілді. Біз минералды тұздарды тұндыру ингибиторын енгізе бастадық, тоқтаулар мен сәтсіздіктер азайды.
БЖК-ның суалғысы болатыны оның басқа энергетикалық кәсіпорындардан айырмашылығын құрайды. Басқа қалаларда, мысалы Мәскеуде, жабық су қоймасы бар, бізде ашық. Жабық түрі анағұрлым үнемді, ашық түрі қазандықтар үшін суды химиялық дайындау шығындарын қамтиды. Жабық түрде су контурда айналады және жылуды береді, жүйеге ағып кетулерге қосу үшін ғана қосылады, ал ашық типінде оны үнемі қосып отыру керек. Жабық түрі көп химиялық реагенттерді көп жұмсамай, бір рет жақсы сапалы су жасауға, қазандықтар үшін қауіпсіз болып табылады. Бізде үлкен химцех болатын.
Энергетиканың басқа салалардан ерекшелігі – ол ұжымдық сала және энергия қуатын алуға қатысатын әрбір қызметкерге байланысты, бұл қазаншылар, кипиашылар, химиктер және газшылар жалпы барлық өндірістегі адамдар. Кезекші ауысымдар басқа ауысымдардың алдында жауапты болуы тиіс. Жұмысты бір адамға тәуелді болмайтындай етіп ұйымдастыру керек. Өзара алмасу болуы керек.
Энергетика саласының үнемді болуы үшін саладағы барлық бар және жаңа білімді кеңінен қолдануда қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, өйткені басқа өндірістердің, салалардың жұмысы тікелей энергетикаға байланысты. Біздің сала мемлекеттік басқаруға толығымен оралады деп үміттенгім келеді, мұндай маңызды саланы шетелдіктерге беруге болмайды. Қазақстанның қарыштап дамуы үшін энергетиканың маңызы зор!