Жылыту маусымы сәтті өтті

АлЭС өткен жылыту маусымында Алматы қаласы мен Алматы өңірін жылыту үшін шамамен 4,5 млн Гкал жылу энергиясын өндірді

2020-2021 жылыту маусымы Алматы қаласы әкімдігінің №2/219 және Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің №136 қаулыларына сәйкес 2021 жылғы 13 сәуірде аяқталды. Жылу беру тұрақты жылы ауа-райының басталуына байланысты тоқтатылады.

– Жалпы жылыту маусымы сәтті өтті, бұның дәлелі қала мен Алматы өңірінің тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз еткені, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев. – Осы кезеңде «Алматы электр станциялары» АҚ тұтынушылар алдындағы шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындай отырып, 3,3 млрд кВ*сағ электр энергиясын және 5 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. Жұмысқа 20-ға жуық қазан агрегаттары мен 13 бу турбиналары жұмылдырылды. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға және қаңтар айындағы алаңдатқан күндерге қарамастан, өткен жылыту маусымында электр энергиясын беруде іркілістер болған жоқ, тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес жылу энергиясы толық көлемде берілді.

"АлЭС" АҚ энергия көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарында жөндеу науқанын бастайды.

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қаласы мен Алматы өңірінің негізгі энергия көзі болып табылады және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы жылуының 76%-ын және электр энергиясының 60%-ын қамтамасыз етеді. «АлЭС» АҚ құрамына: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ОҚТО кіреді.

Анықтама: Жыл сайын жылыту маусымы, егер жылу орталықтандырылған жүйе арқылы берілсе, бес күн қатарынан Цельсий шкаласы бойынша орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болған кезде басталады. Жылыту кезеңі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы осы белгіден жоғары болған кезде аяқталады. Жылыту маусымының мерзімін Алматы қаласының әкімдігі және Алматы өңірінің Іле ауданының әкімдігі бекітеді.