Мерекелі, берекелі дастархан

3-ЖЭО және Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қала құраушы кәсіпорындар аудандық және қалалық Наурыз мерекесіне қатысты

Қапшағай қаласы мен Өтеген батыр кентінің тұрғындары наурыз айының соңында көктем, бейбітшілік және жақсылық мерекесін атап өтті. "АлЭС" АҚ департаменттері белсенді қатысты: шатырлар орнатты, тамаша көңіл күй сыйлады, мол дастархан жайды.

"Қалыптасқан дәстүр бойынша, Наурыз мерекесі тойланатын күндері 3-ЖЭО және Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС ұжымдары қала мен аудан алаңдарында берекелі, мол дастархан жайып, жақсы тілектерін білдіреді. Осы тамаша күні біз қонақтарды, ардагерлер мен зейнеткерлерді қуана – қуана қарсы алдық, – деді АлЭС кәсіподақ филиалының төрағасы Серік Тымбасбаев.

– Біз Өтеген батыр кентінің тұрғындары үшін 50 л наурыз көже, бауырсақ және үлкен қазанда палауын дайындадық. Біздің шатырымыз барлық қонақтарды кең пейіл қонақжайлықпен қарсы алды, – деді 3-ЖЭО шаруашылық меңгерушісі Марина Авраменко.