Тіршілік күретамыры

Батыс жылу кешені жарты ғасырлық мерейтойын атап өтуде

2022 жылдың наурыз айында Батыс жылу кешеніне 50 жыл толды. БЖК-ның негізгі міндеті – жылу энергиясын өндіру және тарату. Оның құрамына Батыс аудандық қазандық (БАҚ), Жаңа-Батыс қазандығы (ЖБҚ), Оңтүстік-Батыс аудандық қазандығы (ОБҚ), екі Орталық жылу тарату пункті (ОЖТП) және сорғы станциясы кіреді.

Батыс аудандық қазандығының жобасы Алматы Халық шаруашылығы кеңесінің шешімімен 1961 жылы бекітілді. Ал 1962 жылы құрылысы басталды. Әуел баста ол салынып жатқан Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары дирекциясының құрамында болды. Қуаттылығы 75 тонна/сағ. бірінші кезекте үш бу және екі су жылыту қазандығы салынды. Батыс аудандық қазандығы негізінен сол кездегі Алматы мақта-мата комбинатының қажеттіліктері үшін салынды.

1972 жылдан бастап 1996 жылдың тамыз айының ортасына дейін Батыс аудандық қазандық (БАҚ), Жаңа-Батыс қазандығы (ЖБҚ) "Алматыэнерго" Алматы жылу желілері кәсіпорны (АЖЖК) жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорын болды.

1996 жылдың тамызында БЖК "Алматы Пауэр Консолидейтед" компаниясының меншігіне өтті. 2000 жылы Батыс аудандық қазандығы (БАҚ) және Жаңа-Батыс қазандығы (ЖБҚ) БЖК құрамына кірді. 2007 жылдың 15 ақпанынан бастап БЖК "Алматы электр станциялары" АҚ құрамында.

Құрылыс басталғаннан ақ БАҚ бу және су жылыту бөліктерін кеңейту жұмыстары жүргізілді. 1980 жылы 2-ЖЭО-мен бірге Орталық жылу тарату пункті (ОЖТП) және №6 сорғы станциясы іске қосылды. Бұл қаланың гидравликалық жылу режимдерін жақсартуға мүмкіндік жасады. Қаланы жылумен қамтамасыз ету сенімділігін нығайту үшін 2-ЖЭО, ОЖТП, БАҚ және 1-ЖЭО арасында байланыс орнатылды.

ҚЦ бастығы В.Сиробаба, қазандық машинисі Е.Андреев, 1985 ж.

Жаңа-Батыс қазандығының жобасы 1983 жылы бекітілді. Құрылысы 1984 жылы басталды, ал 1989 жылы төрт жаңа эксперименттік сейсмикалық ыстық су қазандығы салынды.

2013 жылы БЖК-да қайта құру жұмыстары басталды. Жобаны әзірлеуге және қайта жаңартуды жүргізуге тапсырыс беруші Алматы қаласының әкімдігі болды.

Жалпы белгіленген жылу қуаты – 1100 Гкал/сағ, бу бөлігі бойынша – 20 Гкал/сағ, оның ішінде ЖБҚ – 400 Гкал/сағ, БАҚ – 808 Гкал/сағ. Қолдағы жылу қуаты ЖБҚ – 300 Гкал/сағ, БАҚ – 608,8 Гкал/сағ (оның ішінде 20 Гкал/сағ бу бөлігі) барлығы – 908,8 Гкал/сағ. құрады.

ҚЦ Т.Вильямова, Т.Турсунканова, 1986 ж.

Бүгінде БЖК жабдықтың сенімді және қауіпсіз жұмысын, ғимараттар мен құрылыстардың, коммуникациялық жүйелердің жарамды жай-күйін қамтамасыз ету үшін жүктемелердің диспетчерлік кестесі бойынша жұмыс істейді. Жылу магистралі Алматы қаласының 1000-нан астам пәтерлік үйлеріне жылу береді.

БЖК алдағы уақыттағы дамыту перспективасында 2023 жылы құны 35 млн теңге болатын ПТВМ-50 қазандығына газ құбырларында Fitch катализаторларын орнату жоспарлануда. Бұл газ шығынын жылына 360 мың м3 дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. 2022 жылы БЖК аумағы жарықтандырылып, жаңғыртылады. Ескірген қыздыру шамдары жарықдиодты шамдарға ауыстырылады. НС-6-да сорғылар тобы үшін жиілікті реттеу жүйесін енгізу 2024 жылы жүзеге асырылады деп жоспарланған, бұл жылына 1 млн кВт-тан астам үнемдеуге мүмкіндік береді.

2022-2025 жылдары 2-ЖЭО, БЖК жылу магистралін жаңғырту жоспарлануда. Қолда бар екі құбырлы жүйені 2-ЖЭО энергетикалық қондырғыларына қыздыру үшін желілік суды қайтаруды ұйымдастыра отырып, үш құбырлы жүйеге ауыстыру орындалатын болады. Бұл жоба техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу сатысында тұр.

БЖК қызметкерлерінің баршасын алтын мерейтойымен құттықтаймыз. Сізге жемісті және апатсыз жұмыс тілейміз.