"Самұрық-Энерго" АҚ тобы компанияларында 2022 жыл "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы" деп жарияланды. Бұл "АлЭС" АҚ қызметкерлеріне жұмыс орындарында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі техникасының талаптарын сақтауда үлкен жауапкершілік жүктейді. Қауіпсіз өндірісті насихаттауда ауқымды жұмыстар жүргізілуде, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту түрлері ұйымдастырылды, қауіпсіз жұмыс мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз әрекеттерге ынталандыру мақсатында персоналды еңбекті қорғау мәселелеріне тарту бойынша шаралар қабылдануда.
Ақпан айында "Самұрық-Энерго" АҚ Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Төлеген Максилов қауіпсіз жұмыс мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөнінде ішкі жаттықтырушыларға оқыту жүргізді. Оқыту диалог форматында өтті. «АлЭС» АҚ-ның 84 қызметкері оқудан өтті. Наурыз айынан бастап ішкі жаттықтырушылар тұрақты негізде барлық өндірістік департаменттердің қызметкерлерін қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша оқытады.
2021 жылы компанияда Қауіпсіз өндіріс жобасының 4 модулі енгізілді: ақаулар мен оқиғалар журналы, қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиті, өндірістік бақылау және оқытуды бақылау.
– Модульдерді енгізу қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тартылу деңгейін арттыруға, ақаулар мен оқиғаларды, аудиттер мен тексерулерді тіркеуді реттеуге, сондай-ақ персоналды оқытуды бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді, – деп атап өтті қоғамның Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бастығы Кәрім Сартаев.
2022 жылғы ақпан айында «АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінде "E-Capital" ЖШС өкілдерімен "Қауіпсіз өндіріс" бағдарламасы бойынша негізгі және нақты пайдаланушыларға қосымша оқыту жүргізілді. Оқытуға 217 қызметкер қатысты. Дәріскерлер "Қауіпсіз өндіріс" бағдарламасының мүмкіндіктерін көрсетті және бағдарлама модульдерін дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулар берді. Қызметкерлер тарапынан модульдердің жұмысы бойынша ескертулер және компанияда бағдарлама жұмысын одан әрі бейімдеу үшін олардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ұсыныстар айтылды.
2022 жылғы наурызда 2-ЖЭО-да "АлЭС" АҚ бірінші басшыларының қатысуымен қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиті (ЛПАБ/ҚКМҚА) өткізілді. ҚКМҚА жүргізуге қатысу Компания басшылығының қауіпсіз еңбек жағдайлары мәселелерінің басымдығына бейілділігі мен персоналға олардың еңбекті қорғауды басқару процесіне тартылуын көрсетеді.
Қоғам қызметкерлері алған білімдерін 15 наурызда кезекті ай сайынғы Қауіпсіздік техникасы күнін өткізу кезінде белсенді пайдаланды.
– Қалыптасқан дәстүр бойынша Қауіпсіздік техникасы (ҚТ) күніне "АлЭС" АҚ Бас кеңсесінің өкілдері қатысты. ҚТ күніне бекітілген кесте бойынша комиссия құрамындағы Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының, Пайдалану басқармасының, Жөндеу басқармасының, Күрделі құрылыс басқармасының және Диспетчерлік басқарманың қызметкерлері 1-ЖЭО, 3-ЖЭО және Қапшағай ГЭС өндірістік департаменттеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйін тексерді. Қауіпсіздік техникасы күні аталған өндірістік департаменттерінде 116 бұзушылық, оның ішінде мердігерлік ұйымдар бойынша 2 бұзушылық анықталды, – деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы "АлЭС" АҚ-дағы аса маңызды құндылық болып табылады. Маңызды өндірістік тапсырмаларды орындаудың өзі персоналдың өмірі мен денсаулығына төнуі ықтимал қауіпке ақтау бола алмайды, ал еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дұрыс ұйымдастырылған жұмыс Компания қызметіндегі басты басымдық болып табылады.