ҮМБЕТОВ МҰХИТ ӘБІКЕЙҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ

2022 жылғы 19 наурызда 63 жасында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ("АЖК" АҚ) бұрынғы Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Үмбетов Мұхит Әбікеұлы көлік апатынан қаза тапты. Ол 1960 жылы 1 қаңтарда Қазақ КСР Алматы облысында дүниеге келген. Мұхит Әбікеұлы бүкіл өмірін сүйікті электр энергетикасы саласына арнап, №3 Монтаждау басқармасының электр монтаждаушысынан (1984 жыл) бастап, Қазақстанның ірі электр желілік компанияларының бірі – "АЖК" АҚ-ның бірінші басшысы лауазымында 10 жылдан астам жұмыс істеді.

Мұхит Әбікеұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі (2008 ж.), ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі (2010 ж.), өзінің мінсіз және адал еңбегі үшін 2011 жылы Қазақстан Республикасының "Құрмет" және 2017 жылы "Парасат" ордендерімен, "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" және "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медальдарымен марапатталған.

Оның жақындары – сүйікті жары, балалары мен немерелері. Оның өмірі – өзі тәрбиелеген электр энергетиктерінің көптеген буындары үшін Отанға лайықты қызмет етудің үлгісі.

"Алматы электр станциялары" АҚ ұжымы мезгілсіз өмірден өткен Мұхит Әбікеұлы Үмбетовтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.