Мен станцияда жұмыс істеуге дайынмын …

Алматы энергетика және байланыс университетінің 38 студенті АлЭС-те болды

2022 жылдың наурыз айының басында АЭжБУ  2-4 курс студенттері Оразбаев атындағы 1- ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2- ЖЭО және  Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-іне барып қайтты. Олардың барлығы АЭжБУ мансап орталығының Job Trip бағдарламасының қатысушылары. Студентер «Мен неге станцияға экскурсияға барғым келеді?» деген тақырыпта ынталы хат жазған болатын. 

Студенттер алдында станция қызметкерлері сөз сөйледі. Олар үшін негізгі технологиялық цехтарда экскурсия жүргізілді, станциялардың энергетикалық жабдықтары көрсетілді, қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бойынша негізгі технологиялық процестерді ұйымдастыру тетігін түсіндірді. Мұнда болашақ энергетиктерге барлығы қызықты болды. Студенттер станциялардың мүмкіндіктеріне, жабдықтардың жұмыс принциптеріне белсенді қызығушылық танытты.

– Мен станцияда бірінші рет болуым, оның жұмысы туралы бәрін қызметкерлердің өздерінен білдім. Мен ЖЭО-ның қалай жұмыс істейтінін көрдім. Оң жолды, өз мамандығымды дұрыс таңдағаныма қуандым. Мен жұмыс істегім келетін мамандықты айнымай таныппын. Мен станцияда жұмыс істеуге дайынмын-деп атап өтті 4 курс студенті Айбек Жақсыбаев.

Ақниет Әлиасқар, 2 курс студенті, ЖЭО-ға бару мүмкіндігіне ие болғанына өте қуанышты: «Осы экскусия – сапарым көптеген эмоциялар тудырды, мен үшін өте қызықты және танымды уақыт болды. Мен энергетик болып жұмыс істегім келеді. Маған турбина цехы қатты ұнады. Біз бәрін теориялық тұрғыдан білетінбіз, диаграммаларды, суреттерді көрдік. Ал бүгін бәрі басқаша болды. Менің мамандығым әрдайым сұранысқа ие болатынын білемін».

– Студенттердің АлЭС объектілеріне экскурсиясы – көпжылдық дәстүр. Ол ЖЭО мен ГЭС-ті өз көзімен көруге мүмкіндік береді. Бұл студенттерге үлкен әсер қалдырады, олар көптеген қызықты және шынымен пайдалы ақпарат алады. Энергетиктерді оқыту нақты өндіріспен танысу арқылы күшейтілсе тиімді болады. Алынған ақпарат жастарға өз идеялары негізінде мамандықты саналы түрде таңдауға көмектеседі, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ кадрларды даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сәбікенова.

Студенттер мен оқытушылар АлЭС  қызметкерлеріне қызықты және танымдық ақпарат үшін алғыстарын білдірді.