Оның шынайы қалауы энергетика болып қала береді

Өз естеліктерімен Алматы 3-ЖЭО ЖАжӨЦ автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесірі Михаил Дмитриевич Милецкий бөліседі. Оның энергетикадағы жұмыс өтілі 42 жыл

Әр адамның өз кәсібін жақсы көруі, одан рахан пен қуаныш табуы бір бақыт. Ол өмір жолында аса маңызды: жар мен кәсіпті айнымай, бірден дұрыс таңдауыңа байланысты. Маған сондай дұрыс таңдау жасауыма мүмкіндік туғаны үшін тағдырыма ризамын. Қазір сенімді түрде энергетика – бұл менің жүрек қалауым деп айтамын. 3-ЖЭО-ға саналы түрде келдім.

Ауылда өсіп, ауыл мектебінде оқыдым. Бала кезімнен техникаға қызықтым. Әр сенбі сайын сыныппен станцияға өндірістік тәжірибеге баратынбыз. Сыныпта 12 қыз және 12 ұл бала болды. Қыздар химия цехына барды. Біз жұмысшы едік. Тапсырмалар көп болатын.

Мектептен кейін қайда жұмыс істейтінімді нақты білдім. Станцияға 1966 жылы орталықтандырылған жөндеу цехына, слесір болып келдім. 1967 жылдан 1969 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында әскери борышымды атқардым. Кейін туған станцияма оралдым, – деп әңгімесін жалғастырады Михаил Дмитриевич.

Милецкий М., Поначевный В.

1970 жылы автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесір болып жылу автоматикасы және өлшеу цехына ауыстым. Цехта жұмыс істеу кезінде оннан астам маман дайындадым.

Әрине, көп нәрсені үйренуге тура келді. Мамандыққа деген шынайы махаббат маған жұмыста жетістікке жетуге мүмкіндік берді. Энергетикада әдепсіздік пен салғырттыққа жол берілмейді.

Станцияда жұмыс істеген кезімде көптеген қызықты жайттар да болды. Әрине, жабдықтардың істен шығуы, төтенше жағдайлар есте қалды. Мәселелерді шешу үшін барлық күш-жігер мен білімді қолдануға тура келді. Маған кез келген міндеттерді шешуге қабілетті кәсіби тату ұжымның бөлшегі болу бақыты бұйырды.

Барлығы сияқты өнертапқыштықпен айналыстым. Онсыз ол кезде де қазір де ешқайда бармайсың.

7 қараша мерекесі

Цех ұжымы өте тату және ұйымшыл болды. 1 мамыр, 7 қараша мерекелерінде салтанатты іс-шараларға бірге бардық. Отбасымен араласып, жақсы әрі жанашыр достарға айналдық.

Милецкий М., Баранов Н., Поначевный В.

Бос уақытымызда ұжыммен бірге совхозға қызылша, картоп жинауға баратынбыз.

Мен болашақта да энергетик мамандығының үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін, бәрі автоматтандырылады деп үміттенемін. Бірақ техникалық білімді мамандардың жетіспеушілігі қалады. Қазіргі заманғы жоғары оқу орындары техникалық мамандарды даярлауға басты назар аударуы қажет деп санаймын.

Егер уақытты қайта орылту мүмкіндігі берілсе, мен ештеңені де өзгертпес едім. Мен бәрін қайтадан қайталар едім. 3-ЖЭО ұжымына өркендеу мен апатсыз жұмыс тілеймін.