15 жасымда мен кранға алғаш өзім отырдым және қызыға жұмыс жасадым...

деді Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС 5 дәрежелі кран машинисі Наталья Черноярова өзі және өз жұмысы туралы айтқанда

Бала кезімде мен әжеме ұқсап, тігінші болғым келді, сол кезде бұл сәнді мамандық болатын. Бірақ 9-сыныптан кейін мен краншы оқуына бардым. Анам өмір бойы кранда жұмыс істеді. Кейде онымен бірге жұмысқа барып, анамның жұмысына тез және шапшаң кранды басқарғанына қарап, таңданатынмын.  

Мен үш жыл оқыдым, біздің оқытушылар өз ісінің шеберлері болды. Жақсы оқып, стипендия алдым, топ жетекшісі болдым. Бірінші курстан кейін бізді практикаға жіберді, бір апта тағылымдамадан өттік. Цех бастығы ең үздік тағылымдамадан өтушіні сұрағанда, мені ұсыныпты, содан краншылар жетіспегендіктен, мен жұмысқа кірісіп кеттім. Осылайша, мен 15 жасымда өз бетімен кранға отырдым, бір ай бойы үлкен қуанышпен жұмыс істедім... 

Сол кез менің ең бақытты күндерім болды. Крандағы жұмыстың алғашқы әсерлері өмір бойы қалды. Сондықтан мен өз жұмысымды жақсы көремін деп сеніммен айтамын.

Училищені жақсы бітіргеннен кейін, мені құрылыс техникумына жіберді, алайда сол кезеңде  қайта құру басталғандықтан, мен одан әрі оқуға бара алмадым, ата-анама көмектесу үшін үйде қалдым. Қапшағай қаласындағы түрлі жұмыс орындарында жұмыс істедім, бірақ мамандығым бойынша жалғастыра алмадым... 

Қапшағай ГЭС-іне жұмысқа тұруыма 2003 жылы басқару пультінде ауысым бастығы болып жұмыс істеген Константин Власенко көмектесті. Бірінші минуттан бастап мен ГЭС-ке ғашық болдым. Станция аумағы таң қалдырды, мейірімді адамдары баурады, білікті мамандарын айтсаңшы, мүнда бірінші кезекте адамды бағалайтыны ерекше ұнады... Мен алдымен тазалаушы болып жұмысқа тұрдым, 2005 жылы ғимараттар мен гидроқұрылыстарды пайдалану цехына қараушы болдым. 

2016 жылы электр машина цехына краншы керек болды, цех бастығы Сергей Даниленко маған осы лауазымға ауысуды ұсынды. Станцияда краншы болмас бұрын мен тазалаушы, қараушы болып жұмыс істедім, қоймаға жауапты болдым, ұзақ жол жүріп, сүйікті мамандығыма қайта оралдым. Маған көмектескен және қолдаған барлық адамдарға өте ризамын... 

Кейбіреулер кранда жұмыс істеу оңай – отыр да, тұтқаларды тартып, баса бер дейді. Әр кәсіптің өзіндік нюанстары, қыры мен сырлары бар. Ұқыптылық, жылдам және ептілік, реакция, жауапкершілік, жинақылық қасиеттері краншыға тән, менің сондай қабілеттерім бар... 500 тоннаға жуық бұйымды кернеусіз көтере алмайсыз... Мысалы, роторды көтеріп, шығару үлкен жинақылықты, ұқыптылықты, реакцияны қажет етеді... Бұл жұмыс екі кранмен синхронды орындалады...

Дәл осы жұмыс – құрылғыны жөндеу маған үлкен рахат әкеледі... 5 жыл жұмыс істеудің нәтижесінде мен агрегатты крандарыммен оңай бөлшектей және жинай аламын... Біздің жұмысымыз үйлесімді, иіруші мен краншы арасындағы байланыс 100% жолға қойылған. 

ГЭС аумағында жүк көтергіштігі 250 тонна болатын төрт тіреуіш кран және екі көпірлі кран бар, сондықтан роторды көтеріп шығаруға екі кран қатысады... Мен сүйікті кранды атай  алмаймын, – деп жимияды Наталья Владимировна.

Бәрінде де  қуанышпен жұмыс істеймін... Кәсіби міндеттерімді орындау кезінде нұсқаулықтар мен қауіпсіздік техникасының барлық талаптарын орындауым арқылы, ең үлкен және ауыр кранды басқару кез-келген басқа механизмді басқарудан қауіпті емес болып шығады. Менің мамандығымда маған биіктік пен орындалған жұмыс нәтижесінің қуанышы ұнайды. 

Менің жұмыс күнім кестеге байланысты өтеді... Егер қондырғыны жөндеу жоспарланған болса, онда таңертең мен наряд бойынша шеберден бұйрық аламын немесе май шаруашылығында жұмыс істеймін, бұл менің жұмысым... Регенераторлаушы міндеті: майды қоспалардан тазалау,  кептіру, ылғалдан сақтау, сондай-ақ майды агрегат жүйесіне беру... Бір қондырғыдағы майдың мөлшері 50 м³ құрайды, турбинаның жұмысы кезінде механикалық май ластанады, сондықтан жөндеу кезінде май май багына  құйылады, содан кейін менің міндетім-оны тазарту қондырғысы арқылы қоспалар мен ылғалдан тазарту, содан кейін қондырғының өзі сәтті жұмыс істеуі үшін таза, жаңа жүйеге құю... 

Мен турбиналық және трансформаторлық майдың екі түрі мен жұмыс істеймін, бұл, жұмыс өте шулы және зиянды, бірақ мен оны жақсы көремін, ол маған қызықты. Менің өмірімдегі ұраным: «Тек алға, артыңа қарама!»