АлЭС: қызметкерлерді қайта вакцинациялау жалғасуда

Бүгінгі таңда вакцинаның үдеткіш дозасын 953 адам алды.

«АлЭС» АҚ-да қызметкерлерді ревакцинациялау қажеттілігі және оны өткізу мерзімдері туралы ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша алғашқы вакцинациялауды ескере отырып, барлық қызметкерлер үшін ревакцинация кестесі әзірленді. Ревакцинациядан өтуге ыңғайлы болу үшін компанияда жұмыс орны бойынша ревакцинация жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлерді медициналық мекемелердегі ревакцинация пункттеріне қызметтік автокөлікпен жеткізу бойынша шаралар қабылданады.

Қаңтар-ақпанда медициналық қызметкерлердің үш өндірістік департаментке және компанияның бас кеңсесіне жетуі ұйымдастырылды. 2-ЖЭО-да ревакцинация Алматы қаласының №29 қалалық емханасымен, 3-ЖЭО-да Іле ОАА, Қапшағай ГЭС-інде Қапшағай қаласының қалалақ емханасымен жүргізілді.

– Отбасымда кішкентай балаларым бар. Біздің иммунитетіміз үнемі вирустармен күреседі. Антиденелер азаяды. Сондықтан қосымша вакцинация қажет. Мен өзімді балалар мен жақындарымды қорқынышты вирустан қорғау үшін үшінші егуді әдейі қойдырттым, – деп атап өтті 3-ЖЭО автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу жөніндегі электр слесарі Бекжан Шамығұлов.

Бүгінгі таңда 3-ЖЭО-да қайта вакцинациялаудан 113 адам өтті. Қызметкерлер үшінші вакциналы алғаннан кейін ғана өздерін және жақындарын пандемиядан қорғай алатындығын түсінеді.

– Мен бұрын медициналық мекемелерде көп уақытымды өткізуіме тура келді, енді оған ниетім жоқ! Мен қызметкерлермен үнемі байланыста боламын. Сондықтан өз-өзіңді және әріптестеріңді қорғау басты міндетім. Вакцинация ауруға шалдықпау немесе бұл ауруды жеңіл өткізу мүмкіндігін арттырады, – деп бөлісті Каскад ГЭС гидротехникалық цехының инженері Максим Неборак.

Екі департаментте қызметтік автокөлікті ұсына отырып, қалалық емханаларға ревакцинация жүргізу үшін қызметкерлердің ұжымдық шығуы ұйымдастырылды. 1-ЖЭО жұмыскерлерінің Алматы қаласының №5 қалалық емханасына, Каскад ГЭС-те Алматы қаласының №17 қалалық емханасына сапарлары ұйымдастырылды.

– Мен қаңтар айының соңында Vero Cell вакцинасының үдеткіш дозасымен ревакцинациядан өттім. «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші компонентін алғаннан кейін менің иммунитетім жоғарылағанына және ауырмайтыныма назарымды аудардым. Ревакцинация иммунитеттің вируспен күресуіне көмектесу мақсатында жүргізіледі. Уақыт өте келе ағзаның коронавирустық инфекциядан қорғалуы төмендейді, осыған байланысты вакцинаны қайта алу қажет, – деп атап өтті Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО электр цехының бастығы Дінмұхамед Аймұратов.

1-ЖЭО слесарь-аспапшысы Айзада Тлеуханның айтуынша, вакцина ағзаны инфекциядан қорғайды. БАҚ-та ревакцинация туралы жаңалықтарды оқи отырып, сарапшылардың мақалалары өзін және айналасындағыларды қорғау үшін ревакцинация жасау қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

«Энергожөндеу» ӨЖК, ОҚТО цехтары мен учаскелерінің қызметкерлері олар орналасқан өндірістік департаменттермен бірлесіп, аумақтық тиесілігі бойынша қайта вакцинацияланады. 

– Мен ревакцинацияны өткен жылдың 28 желтоқсанында алдым, – деді Каскад ГЭС электромеханикалық цехының бастығы Серік Тоқтарбаев. – Біздің қала сол кезеңде қызыл аймақта болды. Денсаулықты және иммундық жүйені сақтау үшін мен жергілікті емханада вирусқа қарсы вакцинаның үшінші компонентін алдым.

АлЭС басқа өндірістік департаменттерінің БЖК қызметкерлерінің бір бөлігі тұрғылықты жері бойынша ревакцинациядан өтеді.

Ұжым Covid-19 «омикрон» штаммының тез таралуына байланысты қолайсыз эпидемиялық жағдай кезінде өз денсаулығын сақтау үшін ревакцинацияны уақтылы жүргізудің маңыздылығын түсінеді. Қазіргі уақытта ревакцинациядан «АлЭС» АҚ-ның 953 қызметкері өтті. Қызметкерлерді ревакцинациялау 1-ЖЭО-да белсенді түрде жүргізілуде, онда станция қызметкерлерінің жартысына жуығы ревакцинациядан өтті. Басқа департаменттерде қызметкерлердің үштен бірінен астамы қайта вакцинациядан өтті.