МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘРҚАШАН РАХАТ

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұрбол Саимұлы Молдабаев, ОҚТО теміржол учаскесінің локомотив шаруашылығының 6 санаттағы слесарь-жөндеушісі

Əлі есімде, ағам əрқашан əртүрлі механизмдерді ақтарып, жөндеп жатқанда, мен жанында болдым. Шамасы, бұл менің механик мамандығымды таңдауға əсер еткен болар. Мен ағамның ізімен жүрдім, ол да механик, темір ұстасы болған, мүмкін қан мен тəрбие арқылы да өткен шығар. Əрқашан ағам сияқты еңбекқор, талаптанғыш жəне ойшыл болуды армандайтынмын. Енді мен оның сөздерінің мағынасын түсінемін, əсіресе қарапайым нəрсені жиі есіме түсіремін: «оқу ешқашан кеш емес!»

Өз орныңды табу оңай емес. Кейбіреулер оны өмір бойы іздейді. 2014 жылы Отынды қабылдау жəне түсіру орталығына орналастым. ОҚТО-ның ерекшелігі мұндай құрылымдық бөлімше іс жүзінде еш жерде жоқ. Шын мəнінде, бұл энергетикадағы теміржол. Мені ұжымымның ұйымшылдығы таң қалдырды. Лауазымы мен дəрежесіне қарамастан, барлық қызметкерлер арасында өзара түсіністік пен қамқорлық басым. Корпоративтік мəдениет жəне қызметкерлердің өте жақсы ұйымдастырылған қарым-қатынасы, салауатты жəне жағымды атмосфера ұжымдағы бұлжытпас ұстаным. Мен бұрын-соңды мұндай ұжымды кездестірмедім. Бауырластық сезімі (бірлік), айналаңыздағы əлемге сүйіспеншілік таныту, шыдамдылық пен даналық – мəңгілік құндылықтар деп санаймын. Сондықтан, біраз уақыттан кейін мен осындай команда мен жұмыс шарттарын басқа жерден таба алмайтынымды түсіндім.

Мамандығың бойынша жұмыс істеу де бақыт деп білемін. Механизмдерге кіріп, ақауды іздеңіз, уақтылы жойыңыз жəне қайта іске қосыңыз да «сағат сияқты» жұмысын бақылап, өз еңбегіңізден қанағаттану сезініңіз. Мен үшін нағыз нақты жұмыс осы! Бірде мен компрессор жетегінің редукторын өз тəуекелім мен қорқынышыма қарай бөлшектеуге кірістім, сонымен бірге, бұл механизмнің тек зауытта жөнделетінін де білдім. Мойын тірек пен редуктордың ақауын анықтап, тиянақты қарап, мұқият жөндеп шыққан соң бұл механизмді іске қосып, жұмыс істегенін көргенде – қуанышымның шегі болмады. Өз еңбегімнің нəтижесіне деген мақтаныш ағамның «құдайлар құмыраларды күйдірмейді» деген қарапайым сөзін есіме салып, шабыттандыра түсті.

Менің бас тəлімгерім теміржол шаруашылығының аға шебері – Валерий Федорович Костромин болды. Бұл нағыз хас шебер, кəсіби маман, мен бұл адамнан көп нəрсе білдім.

Жұмыс күніміз локомотив шаруашылығының аға шебері Александр Викторович Мещеряковтан нұсқаулық, алдағы жұмыс күнінің жоспарын алудан басталады. Әр күн мүлдем басқаша өтеді, бір-біріне ұқсамайды. Менің міндеттеріме механикалық бөлік бойынша маневрлік тепловоздарды жөндеу кіреді. Осы үлкен машиналардың механикалық тораптары – менің жұмыс учаскем. Бұдан басқа, біздің зейнеткерлеріміздің орнына келген слесарьлардың жас буынына жөндеу амалдарын көрсетуге тура келеді. Сонымен қатар, жол монтерлерінде кішігірім механикаландыру құралдарының жұмысында жи кезедесетін ақаулар, істен шығулар болады,  мұны  да ескеру қажет. Менің ұраным: мақсатыңды көр – іске асыру жолдарын үйрен, орында! Менің мінезім құбылмалы, алайда біздің жұмыста асығу керек емес, сонымен қатар баяулауға да болмайды – себебі бұл өндіріс. Әуелі барлық нюанстарды өлшегеннен кейін кез-келген жұмысқа жауапкершілікпен қараймын. Мен жұмысты екі рет жасағанды ұнатпаймын, оны бір рет сапалы, технологияны сақтай отырып жасағанды мақұлдаймын. 

Менің кәсіби арманым-жұмысқа түсетін жас жігіттерді мүмкіндігінше көбірек оқыту, жұмыс жылдарында жинаған тәжірибемен бөлісу,  жеткізу.