Алматы 3-ЖЭО шығарындылары 90%-ға қысқарады. Станцияны жаңғырту бойынша қоғамдық тыңдаулар

Қала және облыс аумағындағы күрделі жағдайға қарамастан, «АлЭС» АҚ қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайту үшін энергия көздерін жаңғыртуға бағытталған жоспарлы жұмыстар жалғасын табуда.

2022 жылғы 14 қаңтарда Алматы облысы Өтеген батыр ауылында ZOOM платформасы арқылы бейнеконференц байланыс режимінде қоғамдық тыңдау өтті, онда Алматы қаласының және Алматы облысының тұрғындарымен, атап айтқанда ауыл тұрғындарымен Алматы 3-ЖЭО қайта құру, қоршаған ортаға әсерді барынша азайту мәселелері талқыланды.

Төменде жобаны іске асыруға және станцияны газға ауыстыруға байланысты негізгі аспектілер тезис түрінде беріледі:

– 3-ЖЭО газға ауыстырылғаннан кейін атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары қаншалықты төмендейді? Қазіргі уақытта 3-ЖЭО түтін құбырларынан шығатын шығарындыларының мөлшері есептік деректер бойынша жылына 12 мың тоннаны құрайды, жаңғыртудан кейін олар жылына 1,5 мың тоннаны құрайтын болады. Яғни, Алматы облысының атмосферасына 3-ЖЭО шығарындылары 90%-ға қысқарады.

– 3-ЖЭО қайта құру стратегиясының негізгі көрсеткіштері: 3-ЖЭО елді мекенді жылумен жабдықтаудың негізгі көзі ретінде сақтау; 3-ЖЭО аймағының тұтынушыларын үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету; перспективалық жылу жүктемелерін игеру, жылу мен электр энергиясын аралас өндірудің қолданыстағы технологиясын пайдалану; өндірістің ең озық қолжетімді технологияларын пайдалану; зиянды заттардың шығарындыларын ЕО деңгейіне дейін қысқарту.

Сонымен қатар, сумен жабдықтау, жылу мен электр энергеясын беру бойынша қолданыстағы инфрақұрылым пайдаланылатын болады, бұл 3-ЖЭО-ның қолданыстағы алаңында электр станциясын салудың өте маңызды артықшылығы болып табылады.

– Электр станциясы шуды азайтатын стандартты құрылғылармен жабдықталады. Желдеткіштер мен компрессорлар сияқты барлық қондырғылар дыбыс күшін басушылармен жабдықталады. Сондай-ақ, түтін мұржаларында дыбыс күшін басушылар бар. Жоғары жылдамдықты айналмалы машиналардың шуын азайту әдеттегі жылу оқшаулау және қаптау немесе арнайы дыбыс өткізбейтін қабықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. 

– Колданыстағы 3-ЖЭО гидрокүл үйіндісінің орнында өндірістік ағынды суларды бұру үшін сүзуге қарсы экраны бар буландыру алаңы жайластырылатын болады. Құрғақ қоймалау үйіндісі ТЭН-нің негізгі техникалық шешімдеріне сәйкес жобаны іске асырғаннан кейін қайта құнарландырылуы тиіс. Егер сұраныс білдірген тұтынушы болса, күлді қолдануға болады (және мұндай ұсыныстар қазірдің өзінде келіп түсуде).  

Қоғамдық тыңдаулар ҚР Экологиялық кодексіне, Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес ұйымдастырылды және Іле ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы орган өкілінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының төрағалығымен, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) тапсырыс беруші – «АлЭС» АҚ, ТЭН әзірлеуші – «ҚазЭнергоӨнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен өткізілді.