Алматы қаласының энергетикалық қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілді

Оңтүстік астана үшін қиын күндерде энергетиктер өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Алматы қаласы мен Алматы өңірі үздіксіз жарықпен, жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етілді. «Алматы электр станциялары» АҚ барлық жұмыскерлері әрбір шаңырақтағы жарық пен жылудың өз еңбектеріне байланысты екенін жақсы түсінді. 

– «АлЭС» АҚ-да төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ету штабы құрылды. Басшылықтың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, күзет бөлімшелерінің қауіпсіздігін, өткізу режимін және қызмет атқаруын күшейту бойынша шаралар қабылданды, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев. – Станция аумағына бөгде адамдардың, мердігер ұйымдардың іссапарға жіберілген персоналының кіруі шектелді. Бейнебақылау құралдарында тұрақты бақылау қамтамасыз етілді.

Бүгінгі таңда «АлЭС» АҚ электр станциялары жалпы жуктемені шамамен 780 МВт қамтамасыз етеді.

– 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және БЖК станциялары сағатына 1090 Гкал жылу өндіреді. Үш жылу станциясы сағатына 3200 тонна ыстық сумен қамтамасыз етеді. Отын қоры жеткілікті, – деп жалғастырды «АлЭС» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директор – бас инженері Газий Исмухамбетов.

Компания қызметкерлері станцияға енгізілген коменданттық сағатқа сәйкес жеткізілді. Кезекшілік кестесі өзгертілді. 3-ЖЭО және Қапшағай ГЭС қызметкерлері үшін арнайы кезекші автобус ұйымдастырылды. Көптеген жұмысшылар жұмысқа әрең жетті.

Б.Момышұлы көшесі арқылы өтетін 2-ЖЭО кезекші автобусының жолы 5 қаңтар күні таңертең тосқауыл болған ауыр жүк көліктерінің кесірінен өте алмаған. 2-ЖЭО, «Энергожөндеу» ӨЖК, ӨЖЖ жұмыскерлері жұмысқа жете алмай, үйлеріне қайтуға мәжбүр болды.  

– Біздің бойымызды үрей биледі, – деп сол оқиғалардың куәгері болған ОҚТО кадрлар жөніндегі жетекші маманы Наталья Шамрина. – Көз алдымызда беймәлім адамдар көліктерді қиратып жатты. Темір таяқтармен қаруланған адамдар өте агрессивті болды. Бірақ біздің қызметкерлер арандатушылыққа бой алдырмады. Бір-біріне қолдау жасап, көмектесті. Біз бойымызды араңдатушылықтан аулақ ұстадық. 

1-ЖЭО, 2-ЖЭО, БЖК, Каскад ГЭС, «Энергожөндеу» ӨЖК, ОҚТО ұжымдарының жұмыскерлері алтыншы қаңтардан сегізінші қаңтарға дейін кезекші автобустар станцияларға жете алмағандықтан жұмысқа жеке көліктерімен жеткен. Энергетиктер ұйымшылдық танытты, бірікті және өз бағыттарын өзгерте отырып, жеке көліктерімен жұмысқа жетіп отырды.  

Компания ұжымы үлкен ұйымшылдықтың нәтижесінде, жауапкершілік пен өзара көмектің арқасында аса жауапты қызметін азаматтықпен атқарды. Энергетикада ерекше адамдар жұмыс істейді дер бекер айтылмаған.