АлЭС: жаңа жылдық спектакль және қызметкерлердің балаларына арналған сыйлықтар

1230 бала ертегі қойылымына қатысып қызметкерлердің балаларына, 3330 сыйлық таратылды. 

Жаңа жыл – балалар үшін көптен күткен мереке. Бұл армандауға, тілектер айтуға және тілектерді орындауға көмектесетін уақыт. «АлЭС» АҚ-да үш жастан тоғыз жасқа дейінгі балалар үшін жаңа жылдық шырша ұйымдастыру және «Зазеркалье» қуыршақ театрының қойылымы игі дәстүрге айналды. Компания қызметкерлерінің 1230 баласына Аяз Ата мен Ақшақармен кездесу дайындалды. 

Қуыршақ театры «Қасқыр мен жеті лақ» қойылымымен балаларды қуантты. Театрдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты балалар үшін 2021 жылдың 21-30 желтоқсаны аралығында 11 жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді. 

БЖК инженер-технологы Алтынай Оңғарбаеваның қызы сегіз жасар Дария өз эмоцияларымен бөлісті:

– Бұл нағыз ертегі! Маған қойылым өте ұнады. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағым келеді.

Наталья Калошкина,1-ЖЭО-дағы үлкен Калошкиндер әулетінен, спектакльдегі сиыр ең көп ұнады. Қыздың айтуынша, ол өте көңілді және сүйкімді шаққан.    

– Мен балалық шағымда болғандай болдым. Көңіл-күйіміз ерекше көтерілді. Жаңа жылдың басталуы сезіледі, – деп 1-ЖЭО бухгалтері Дина Калкаева өз ойымен бөлісті. Ол екі қызын да спектакльдік қойылымға алып келді. 

Гүлнар Дорошеваның қызы, он жасар Маргарита Базалееваға спектакль ұнады, өйткені барлығы бірге ән айтып, би билеп, әндер мен мультфильмдердегі ойындар ойналды.

– Мен бүгін немеремді балалар ертеңгілігіне алып келдім. Бұл балаларға қуаныш, бала кезімдегі ертегілер есіме түсті, – деді немересімен бірге спектакльді тамашаланған ардагер энергетик, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО электр цехының электр техникалық зертханасының бұрынғы бастығы Сатыпалды Сабирович Иембердиев. 

 

– Біз балалармен қуыршақ театрында алғаш рет болып отырмыз. Маған спектакль өте ұнады. Кейіпкерлер көңілді, қызықты. Менің екі қызым мен ұлым шын жүректен күлді, ән айтты. Балалар мерекесін ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деп жалғастырды логистика бөлімінің инженері Индира Мандибаева.

Компания басшылығы мен кәсіподағы қызметкерлердің балаларына 3330 жаңа жылдық сыйлық таратты.