АлЭС: ардагерлердің жеңісі

Энергетик күні және Жаңа жыл мерекелеріне орай «АлЭС» АҚ өзінің ардагер-энергетиктерін құттықтауға шақырды.

Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол Алматы энергокешенін жаңғырту негізін компанияның энергетик – ардагерлері қалағанын атап өтті. Қазір көмір отынын табиғи газға ауыстары отырып, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО кездерін жаңғырту бойынша, ПМУ салумен 1-ЖЭО кеңейту және Каскад ГЭС-ті жаңғырту бойынша жаболар әзірленуде.

– Біз өз компаниямызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Бізді – ардагерлерді ұмытпайды, бұрын жұмыс істеген кеңсеге шақырады, – деп БЖК бұрынғы басқарушы деректоры Жұмағали Сатылғанұлы Ормамбеков алғысын білдірді. 

– Мен біздің станцияларды шындап, жаңғырту және қайта құруды қолға алғанымызға өте қуаныштымын. Өзім орасан зор реформалардың қатысушысы болғын келді, енді біздің уақытымыздың өткені үшін кешірім сұраймын. Мен жастарымызға жаңғырту жолымен жылдам ілгерілеп, алдарында тұрған ауқымды міндеттерді іске асыруларын тілеймін, – деп жалғастырды 3-ЖЭО бұрынғы басқарушы директоры Рафаил Ягудаевич Сайфутдинов.

– Каскадта қайта құру жүргізілетін болады. Біз оны ұзақ күттік. Сайып келгенде, осы арқылы біз өзге қалаларға үлгі бола аламыз. Біз Болат Уалиханұлы Мукаев бастаған осы жобаларды, құжаттарды көп жылдар бойы дайындадық, – деп атап өтті Каскад ГЭС бұрынғы бас инженері Жақсыбек Тілеукенұлы Шоланбаев.

 Компанияның барлық департаменттерінде ұжымдар өздерінің ардагер энергетиктерін құттықтады.