АлЭС АҚ және Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің өзара ынтымақтастығы ширек ғасыр бойы жалғасын тауын келеді
«АлЭС» АҚ аталған колледждің негізгі серіктесі болып табылады. Жас мамандар дайындығының сапасын жақсарту үшін ынтымақтастық бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады: студенттердің өндірістегі тәжірибесі, оқытушылардың тағылымдамасы, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б.
2021 жылдың қараша айының соңында АлЭС-те колледждің 10 оқытушысы өндірістік тағылымдамадан өтті. Бұл оқытушылар үшін өндірістің өзекті қажеттіліктерін зерделеуге және станциялардың негізгі жабдықтарымен танысуға нақты мүмкіндік болып табылады.
Колледж оқытушылары Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО болды. Кейін «АлЭС» АҚ қызметкерлерді даярлау бөлімінде алған практикалық білімдерін бекітті. Теориялық оқытуды тәжірибелі оқытушы, бұрын «АлЭС» АҚ пайдалану қызметінің бастығы болып жұмыс істеген Орлов Александр Михайлович жүргізді.
– Бірінші кезекте, «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК оқытушыларына өндірістік тәжірибені ұйымдастырғаны үшін «АлЭС» АҚ ұжымына алғысымды білдіргім келеді. 1-ЖЭО және 2-ЖЭО департаменттеріндегі құрал-жабдықтармен таныстық. Колледждегі сабақ барысында мен өз студенттеріммен алған әсерлеріммен және станцияларда көргенімдеріммен белісемін, – деп атап өтті колледж оқытушысы Ләззат Сұлтанова.
– Өндірістік тағылымдама менің мамандығым біздің болашағымыз үшін өте маңызды екенін түсінуге мүмкіндік берді, – деп жалғастырды колледж оқытушысы Айгүл Асылханова. – Мен жылу электр станцияларының жұмыс процесін егжей-тегжейлі түсініп, қосымша мәліметтер мен көптеген тәжірибе алдым. Біз жалпы 1-ЖЭО және 2-ЖЭО жұмыс схемасымен таныстық. Жұмыста Релелік қорғаныстың жаңа жабдығын, АТҚ, ЖТҚ, химия бөлімін, қазандық цехын, электр цехын, диспетчерлік бөлімді көрдік. Мен колледж оқушыларына өндірістегі жұмыс қызықты, күрделі және жауапты екенін жеткізгім келеді. Мен сабақтарда таңдаған мамандыққа жауапкершілікпен қарау керектігін үнемі айтып отырамын. Мұндай тағылымдамалар біздің оқытушылар үшін өте пайдалы.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі-бірлескен дөңгелек үстелдер өткізу. 2021 жылдың 14 желтоқсанында «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК «Еңбек нарығында түлектердің еркін бейімделуі – жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. АлЭС атынан дөңгелек үстелге Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова қатысты. Сонымен қатар, колледждің негізгі серіктестерінің өкілдері шақырылды.
– Біз түлектердің еңбек нарығына бейімделу мәселелерін және осы міндетті шешуге бірлескен үлесімізді талқыладық. Бізге стендтермен және компьютерлермен жабдықталған оқу сыныптары, сондай-ақ күн батареялары мен жарықдиодты панельдерді жасау цехтары көрсетілді, – деп бөлісті Жанар Сабикенова.