2021 жылдың желтоқсан айының ортасында «АлЭС» АҚ электр дәнекерлеушілер мен газ кескіш мамандарының арасында Үздік шебер атағына жарыс болып өтті.
«АлЭС» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК Металдар және дәнекерлеу қызметінің жанында 22 жылдан бнрі электр дәнекерлеушілер және 14 жылдан бері газ кескіштер арасында байқау өткізіліп келеді. Осы жылдар ішінде жарысқа 570-тен астам маман қатысты. Дәстүр бойынша байқаулар «Энергожөндеу» ӨЖК-да өндірістік қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және санитарлық нормалардың барлығын сақтап отырып, қазандық құрастыру цехында, дәнекерлеу полигонында және техникалық сыныпта өтті.
– Алдымен департаменттерде ең үздік дәнекерлеушілер мен кескіштер іріктеледі, содан кейін ғана ерекшеленген жеңімпаздары осы байқауға жібереді. Мен аталған байқауға 2-ЦРЭО электр дәнекерлеушілерінің атынан қатысудамын. Конкурсқа үшінші разрядтан бастап бесінші разряды бар мамандардың ғана қатысатынып атап өту қажет. Мамандығым бойынша 5 жыл жұмыс істеймін. Мен дәнекерлеумен айналысқанда іштей сабыр сезінемін, себебі дәнекерлеушілер – металды бағындыратын адамдар, – деді 2-ЦРЭО 4 разрядты электр дәнекерлеушісі Ербол Әлімбек.
– Қатысушылардың мақсаты практикалық тапсырма барысында бір жағынан 30 градус бұрышта қалыңдығы 20 мм пластинаны кесу. Байқаудан кейін барлық кесілген метал тақталарды кәдеге жарату үшін біз оларды электродтарды кіріс бақылау үшін қолданамыз, – деді Метал және дәнекерлеу қызметінің жетекші инженері Қанат Мұсаханов.
Газ кесушілерден 2-ЦРЭО-да 5 разрядты слесарь Руслан Нұрқалымов таңдалды. Ол станцияда 13 жылдан бері жұмыс істейді, «Металды кескен кезде, оның өзін қалай ұстайтынын сезінемін, – деп өз ойымен бөлісті Руслан. Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін. Біз команда болып жұмыс істейміз. Ұжымымыз өте тату».
– БЖК-да 2013 жылдан бері жұмыс істеп келемін, алайда байқауға бірінші рет қатысып отырмен. Металдың май тәріздес еритіні маған ұнайды, құбырлармен жұмыс жасауды жақсы көремін. Металды жасалған кез-келген бұйымды кескішпен қып аламын, – деп жалғастырды сөз кезегін Жолдас Артықбаев, УЗТК 4 разрядты слесарі.
Ал Ғалымжан Тұрдиев болса, металды таңдана отырып кеседі. Ұшқындар жан – жаққа алаулап ұшқанда, ол сиқыр басталғандай сезінеді. Мерекеге арнап, ол анасына, әйеліне және қыздарына гүл шоқтарын – қызғалдақтар кесер еді.
Батыс жылу кешенінде 14 жылдан бері дәнекерлеуші болып жұмыс істейді 3 разрядты электр дәнекерлеушісі – Тайыр Абдраимов. «Мен бала кезімнен темірді балқытамын. Менің әкем 2-ЖЭО дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Демалыста болған кезде дәнекерлеу ісін сағынамын. Түсімде де дәнекерлеу жұмыстарын жүргіземін, бәрінен бұрын маған құбырларды дәнекерлеген ұнайды. Желдету жүйесін атап өткім келеді. Жұмыста көп көмектеседі. Жылжымалы жеңнің көмегімен полигонда дәнекерлеу жұмыстары кезінде барлық түтінді соруға болады», – деп атап өтті Тайыр.
– Жаңа сору желдету жүйесін біз өткен жылдың желтоқсан айында орнаттық. Жылжымалы механикалық өзін-өзі тазалау сүзгілері металдарды тазарту, ажарлау мен пісіру процесінде түзілетін тозаң мен аэрозольдерден ауаны жергілікті жою және тазартады. Бұл жүз пайыз экологиялық таза. Агрегат ірі шаң бөлшектерінен қорғайтын қос қорғауды қамтамасыз етеді, оның ішінде арнайы тот баспайтын болаттан және үлкен болат экраны бар көп қабатты алдын ала сүргі бар.Бізге қазір барлық 8 кабинада да жұмыстар жүргізілсе де шығарындылар және жайдың түтінденуі жоқ, – деді Метал және дәнекерлеу қызметінің бастығы Юрий Шиханов.
– Оқыту барысында біз теорияны да, практиканы ды береміз. Жігіттер полигонда бір жылға жуық уақыт оқиды. Оларға теориядан өз ісінің маманы, металлтанушы, Метал және дәнекерлеу қызметінің жетекші инженері, дәнекерлеу бойынша 3 деңгейлі маман Татьяна Власова сабақ береді. Ол «Газ кескіштерге арналған жадынамалар», «Электр дәнекерлеушілерге арналған оқу құралдары» және «Оператор – термистерге арналған құралдар» оқыту бағдарламаларын әзірлеуші маман. Теория мен практикадан кейін жігіттер разряд емтихандарын тапсырады. Компанияның 197 газ кескіші және 116 электр дәнекерлеушілері, сондай-ақ біліктілігін арттыруға немесе аралас мамандық игеруге ниетті барлық қызметкерлер жыл сайын аттестациядан өтеді. Байқаудан кейін біз әрқашан қорытынды жасаймыз. Қателіктер мен барлық ақауларды талдаймыз, – деді Эдик Омаров, өндірістік оқыту шебері, кәсіби дәнекерлеуші.
Жүргізілген жұмыстардың сапасын Метал және дәнекерлеу қызметінің дефектоскопшылары бағалайды. Олар дәнекерлеуді тексеру үшін ультрадыбыстық дефектоскопты пайдаланады.
– Дефектоскоп жұмысқа барынша объективті баға береді. Ол конкурсқа қатысушылар орындаған дәнекерленген жіктердің тесіктерін, сынықтарын, кесінділерін анықтайды, – деді Метал және дәнекерлеу қызметінің 1 санатты инженері Талғат Маликов.
Жарысқа қатысушылар кәсіби шеберліктерімен қатар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті, ал дәнекерлеу салалары жөніндегі кәсіби сарапшылар жарыстағы тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша орындарды бөлді. Бағалау кезінде барлық факторлар ескерілді: теориялық бөлімдегі дұрыс жауаптар саны, практикалық тапсырманы орындау кезінде технологияларды және қауіпсіздік техникасын сақтау біліктері ескерілді.
«2021 жылдың үздік газ кесушісі» байқауының жеңімпаздары:
1. Артықбаев Ж.Т. – УЗТК, 4 разрядты слесарі;
2. Тұрдиев Ғ.Т. – ЦРЭО-1 5 разрядты слесарі;
3. Нұрғалимов Р.А. – ЦРЭО-2 5 разрядты слесарі.
«2021 жылдың үздік электр дәнекерлеушісі» байқауының жеңімпаздары:
1. Абиров Д.Н. – ЦРЭО-1, 5 разрядты электр дәнекерлеушісі;
2. Тоғынбаев Б.Ж. – УЗТК, 3 разрядты электр дәнекерлеушісі;
3. Әлімбек Е.Ж. – ЦРЭО-2 4 разрядты электр дәнекерлеушісі.
Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Кәсіби шеберлік байқаулары өздерін сынап көруге мүмкіндік беріп қана қоймайды, бұл жаңа білім және тәжірибе игерудің, ілгері дамудың жақсы мүмкіндіктері.