2022 жылғы Құрмет тақтасы

Жыл сайын дәстүр бойынша Энергетик күніне орай портреттері Құрмет тақтасына орналастырылатын компанияның өндірісінің үздік көшбасшылар анықталады. Бұл ерекше мақсатшыл, еңбекқор және білімді тұлғалар. Олардың еңбегі әріптестері арасында құрметке бөленеді, жастарға үлгі болады.  

Кемпірбаева Дилфуза Абдиманонқызы, 3-ЖЭО бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші бухгалтері 

Мен 15 жылдан бері бухгалтер болып жұмыс істеймін. Жыл сайын кәсіби дағдыларымның, біліктерімнің артатыны мені қуантады. Күн сайын жаңа нәрсе білімдер игеремін. Бухгалтерлік есептегі өзгерістер мен жаңалықтарды уақтылы зерттеуге тырысамын. Бухгалтерлік есеп – тәжірибелі бухгалтерлер үшін де, жаңадан бастаушылар үшін де керемет мектеп. Бухгалтерияда өздерін танытуға, өзінің барлық дағдылары мен біліктерін көрсетуге мүмкіндік мол. 3-ЖЭО ұжымына, бухгалтерия саласына түсірген тағдырыма ризамын. Бұл тату және ұйымшыл ұжым. Мұнда мен басшылар және әріптестер тарапынан қолдау, түсінікті сезінемін. Ұжымда иығыңды тіреп, білегіңнен демейтін жақсы орта бар.

Қазір мен өз орнымда екенімді айта аламын. Әрбір қызметкердің әл-ауқаты менің жұмысыма байланысты екенін білемін.

Құрметті әріптестер, Сіздерді келе жатқан Энергетик күнімен және Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын! Барлық энергетиктерге шын жүректен өмірлеріңіздің әр күні жасаған игі жұмыстарыңыз үшін ризашылықпен жылытылсын деп тілеймін!

Барлық энергетиктерге апатсыз жұмыс, отбасыларына бақыт, туған-туыстарына денсаулық тілеймін!

Кенжебеков Айбек Манатқалиұлы, «Энергожөндеу» ӨЖК энергожабдығын жөндеу цехы бастығының орынбасары

 Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжін бітіргеннен кейін 2006 жылы еңбек жолын «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЖЭО турбина цехында бастадым. Мені екінші отбасы болған ұжымым жылы қарсы алды.

Мен ұстаздарыма және тәлімгерлеріме ризамын, атап айтсам, Шаграев А.А., Көшербаев С-М.Е., Мақсұтов Б.К. Бұл керемет адамдар маған энергетика саласына деген адалдық пен сүйіспеншілікті үйретіп, сенім мен кәсіби білім алуға көмектесті.

Мен сонымен қатар, Алматы гуманитарлық техникалық университетін бітірдім. Турбина цехында жұмыс істеу барысында кәсіби дайындықтың барлық сатыларынан өттім десем болады. Турбина учаскесінің бригадирі, шебері болдым.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап 2-ЦРЭО бастығының орынбасары болып жұмыс істеймін. Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін және бағалаймын. Адам өміріне тікелей қатысы бар маңызды және шын мәнінде қажетті қызметті атқаратыныңды түсіну, кәсіби дағдылардың мен біліміңді үнемі жетілдіруге, кәсіби дайындық деңгейін арттыруға ынталы етеді. Мен Алматы қаласы мен Алматы аймағын энергеямен жабдықтаудың өзегі, жүрегі болып табылатын ең ірі станцияда жұмыс жасайтынымды мақтан тұтамын. Біздің кәсіпорынның жылу және электр энергиясын өндіруге қосқан үлесінің маңыздылығын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінудің өзі ғажап.  

Құрметті әріптестер, Сіздерді Энергетик күнімен құттықтаймын! Әр пятерде жарық, жылы болсын! Барлық әріптестеріме үнемі білім алуды, білім деңгейін көтеруді тілеймін, ал жаңа жыл күш – қайрат пен сәттілікке толы болсын!

Красноцветов Максим Валерьевич, 2-ЖЭО Отынды қабылдау және түсіру орталығының станция учаскесінің диспетчері 

Менің тағдырым энергеямен байланысты екенін мақтан тұтамын. 1997 жылдан бастап тоғыз жыл бойы машинист көмекшісі болып жұмыс істедім. Біз вагондарды вагонаударушыларға түсірдік. Біздің жұмысымыз оңай емес. Бірақ қиындықтарға қарамастан, таңдаған мамандығым ұнайды, өткені тек өз ісіңізді жаныңмен қалағанда ғана нағыз кәсіпқой бола аласыз.

Қазақстан қатынас жолдары институтын сырттай бітірдім. Диплом алғаннан кейін станциялық диспетчер болып жұмыс істедім. Біз көмір, мазут, қышқылдары бар вагондар қабылдаймыз. Міндетіміз вагондарды түсіру аймағына уақтылы қою. Біз ауысыммен жүмыс жасаймыз. 

Мен энергетикада 24 жылдан бері қызмет етемін. Ұйымшыл ұжымда, жұмыс атмосферасында, уақытылы жалақымызды алып еңбек етеміз. Мен еңбектен қорықпаймын, бастысы жұмыс қызықты болуы керек. Мен бір нәрсені нақты білемін: «шыдамдылық пен еңбек бәрін жеңеді», сондықтан мен бәріне табанды жұмыс тілеймін, өйткені сонда ғана барлық мақсаттарға қол жеткізіп, армандарыңызды орындай аласыз.

Құрметті әріптестер, Сіздерді Энергетик күнімен және Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын! Барлық әріптестеріме – энергетиктерге апатсыз жұмыс, отбасылық қуаныштар, мықты денсаулық тілеймін!

Мақсұтов Ринат Қуанышбекұлы, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО турбина цехы бастығының орынбасары

Энергетикаға ағаларымның ізімен келдім. Еңбек жолымды 2001 жылы «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЦРЭО УРТО бу-газ турбиналық жабдығын жөндеу слесарінен бастадым. 2012 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін жұмыс беруші есебінен бітірдім. 2007 жылы 1-ЖЭО департаменті турбина цехының өндірістік учаскесінің шебері лауазымына тағайындалдым. 2009 жылдың шілде айынан бастап турбина цехы бастығының орынбасары (жөндеу бойынша) болып жұмыс істеймін. 

Энергетиктің негізгі қасиеттері жауапкершілік, қауіпсіздік шараларын сақтау, кәсібилікті үнемі арттыру және өз ісіне деген сүйіспеншілік болып табылады деп санаймын. Мен әрдайым қарамағымдағы қызметкерлерге әділ қарауға тырысамын және кез-келген жағдайда мәселені дұрыс шешуге тырысамын. Жас ұрпаққа үздіксіз білім алып, дамып, білім алуын, жаңалыққа ашық болуын тілеймін.

Барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын және келе жатқан Жаңа 2022 жылы баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және компаниямыздың гүлденуін тілеймін!

Меналимов Сервер Сейтмамбетович, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО пайдаланылған майды 3 разрядты регенераторлаушы

2005 жылы 2-ЖЭО турбина цехына жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі слесарь ретінде жұмыс істеуге келдім. Сол жылы 2-ЖЭО турбина цехына электр станциялар жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарь болып ауыстым. Содан кейін турбина жабдығына 4 разрядты, 5 разрядты машинист – қараушы болып жұмыс істедім. Вахтада 10 жыл еңбек еттім. Қазір пайдаланылған майды регенераторлаушы болып жұмыс істеймін. Менің міндетім турбина жұмыс істеп тұрған кезде майды қондырғы арқылы майды қоспалардан, судан тазарту. Бұл өте жауапты жұмыс. Мұнай схемасын және турбиналық цех жүйелерін жақсы біліп, аса мұқият болу керек.  

Жұмыс істеген 16 жылда ұжымда жұмыс істеген өте ұнайды. 2-ЖЭО үлкен ұжымының бір бөлігі болу мақтаныш, менің жұмысымның бағаланғанына қуаныштымын. Жұмысты көптеген достар таптым, отбасымызбен араласамыз. 

Баршаңызды Энергетик күнімен және келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтағым келеді! Барлығына денсаулық, табыс және апатсыз жұмыс тілеймін!

Сагадиев Азамат Сарсинбаевич, Каскад ГЭС электр машиналары цехы бастығының орынбасары

2011 жылдың қыркүйегінен бастап мен үшін аса жақын сала – «Энергетикада», яғни «АлЭС» АҚ-да жұмыс істеймін. Менің ойымша, энергия кез-келген адамға өмір сүруге мүмкіндік береді … адамның жүрегінде энергия мен жылу болуы керек. Мен екінші буындағы энергетик екенімді мақтан тұтамын және өз балаларымды нағыз энергетиктер болуға баулимын және тәрбиелеймін. 

Қазіргі уақытта Каскад ГЭС электр машиналары цехы бастығының орынбасары болып жұмыс істеймін. Еңбек жолымды 2003 жылы «АПК» АҚ 2-ЖЭО Қандық цехының багерлі сорғы моторшысы болып бастадым. 

Ұстаздарыма Серік Сүйінбекұлы Төтебаевқа, Бисембек Әбенұлы Сабырқұловқа, Сырғабаев Исахан Ақтанұлына, Владимир Георгиевич Шмелевке, Төлеген Қалылайұлы Кочкинбаев және ең бастысы, сүйікті анам Сағадиева Гүлназ Кеңесқызына үлкен алғысымды білдіремін!

Энергетик күні және Жаңа 2022 жыл қарсаңында маған жақын барша энергетиктерді кәсіби мерекемізбен құттықтап, денсаулық, амандық, отбасында бақыт, ең бастысы үздіксіз және сенімді жұмыс тілеймін!!! 

Албегов Александр Николаевич, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС ғимараттары мен гидроқұрылыстарын пайдалану цехының 5 разрядты моторшысы 

Мен үшін біздің Департамент атынан «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасында болу үлкен мәртебе. Еңбек жолын Қапшағай ГЭС-інде 2004 жылы ағаш ұстасы-бетоншы болып бастадым.  

Қазіргі уақытта ғимараттар мен гидроқұрылыстарды пайдалану цехында моторшысы болып жұмыс істеймін. Мен барлық жүзу құралдары мен айлақ құрылыстарын пайдалануды, жөндеуді, жұмыс жағдайында ұстауды қадағалаймын. Менің тәлімгерім капитан-механик Луценко Леонид Петрович болды. 

Қапшағай ГЭС-інде жұмыс істеген барлық уақыт ішінде мен осында жұмыс істейтініме өкінбедім. Менің мамандығым энергетикаға пайдалы болғанына өте қуаныштымын.

Құрметті әріптестер, Сіздерді келе жатқан Энергетик күні және Жаңа 2022 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық тілеймін.

Перекрестов Андрей Владимирович,БЖК электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 6 разрядты электр слесарі 

Еңбек жолым Батыс жылу кешеніндегі 1985 жылы жылу автоматикасы және өлшеу цехының 2 разрядты АиСИ қызмет көрсету және жөндеу электр слесарі болып бастадым. Бүгінде БЖК электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 6 разрядты электр слесарі болып жұмыс істеймін. Жұмыста да, отбасында да менің тәлімгерім және ұстазым әкем – Владимир Андреевич Перекрестов болды, ол энергетикада 50 жылдан астам, БЖК-да 40 жылдан астам жұмыс істеді. Мені әкемнің ізбасары – энергетик-киповшы деп атауға болады. Анам – Людмила Васильевна, ол да 50 жылдан астам уақыт Тяжпромэнергопроектте АиСИ жобалаушы инженер болған.  

Мен БЖК ұжымына ұйымшылдығы, досына деген жақсы қарым-қатынасы үшін ризамын. Өз кәсібінде табысты болуың үшін терең білім, кәсіби тәжірибе және орындалатын жұмыс үшін жауапкершілік қажет.

Шын жүректен барлық энергетиктерге өміріңіздің әр күні жасаған жұмысының үшін шынайы алғысқа, жарық пен адамдардың жылы ықыласына толы болуын тілеймін!

Симонов Иван Витальевич, пайдалану басқармасының бас маманы 

Энергетикадағы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының энергетика және электронды аспап жасау колледжінің 4-курс студенті болып жүргенде Б.Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО станциясында қазандық цехынан бастадым.

Мені ұйымшыл және кәсіби мамандардан құралған ұжым жылы қарсы алды. Г.С.Суминованың басшылығымен энергетикада алғашқы қадамдар жасадым, кәсіпқойлық, сенімділік, ең бастысы энергетикаға берілгендік дағдыларын игердім. Жеке алғысымды менің тәлімгерлерім Г.Г.Киникеевке, А.А.Сидоровқа, С.А.Сергунцовқа білдіремін.

«АлЭС» АҚ кәсіби тұрғыдан дамуға, біліктілікті арттыру бойынша оқып, жеке тұлғаңды дамытуға тамаша мүмкіндік береді. Жұмыс істей жүріп, Алматы энергетика және байланыс университетін бітірдім. 

2017 жылдан бастап компанияның Бас кеңсесінде пайдалану басқармасының бас маманы болып жұмыс істеймін. Бұл менің жұмысымдағы жаңа бағыт. «АлЭС» АҚ-ның Құрмет тақтасында болу – менің бірінші марапатым екенін ескеретін болсақ, бұл үлкен мәртебе. Менің ойымша, бұл мен жұмыс істейтін жалпы ұжымның еңбегі. Бізде тату, ұйымшыл, өз ісінің мамандары шоғырланған ұжым.

Барлық әріптестерімді Энергетик күнімен және келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын. Туған-туыстары мен жақындарына денсаулық пен амандық, сондай-ақ апатсыз жұмыс пен табыс тілеймін!