АлЭС: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапаттау

2021 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Компанияның 63 қызметкері өздерінің кәсібилігі, жауапкершілігі, мамандыққа берілгендігі үшін салалық марапаттарға ие болды. Санитарлық нормаларды сақтап отырып, қызметкерлерді марапаттау департаменттер бойынша жүргізілді. 

Мен бүгінгі кездесуге дайындалып жатқанда, ұзық ойландым: біздің компания үшін 30 жыл деген не? Біз 90-шы жылдардағы қиындықтарды бастан өткердік. Бірақ, ең бастысы, компания кәсіби кадрларды, біздің жылу және су электр станцияларымыздың әлеуетін сақтай алды. Біз кадрларды сақтай қана қоймай, энергетиктердің жаңа буынын да өсірдік. Осының барлығы бүгінде бүкіл Алматы энергия кешенін кең ауқымды жаңғыртуға кірісуге мүмкіндік береді. Мұндай міндеттерді ешқашан шешкен емеспіз. Бірақ мен біздің компаниямыздың ұжымы көздеген мақсаттарын абыроймен орындайтынына сенімдімін! Себебі біз командамыз, біз пікірлеспіз! – деп атап өтті Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев жиналғандарға. 

«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Еңбек сіңірген энергетигі» атағына А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директордың орынбасары Манат Бектұрған және 3-ЖЭО өндірістік учаскесінің аға шебері Владимир Стафоров ие болды. 

«Энергетика ардагері. ҚЭҚ» құрметті атағына 3-ЖЭО-да Виктор Фомичев, Каскад ГЭС Сергей Киселев, «Энерножөндеу» ӨЖК Бауыржан Жайлаубеков ие болды. 

Сондай-ақ алда келе жатқан Кәсіби мерекеге байланысты компанияның Құрмет тақтасына іліну құрметіне компанияның 9 үздік қызмекері ие болды. Бұл ерекше – мақсатты, еңбекқор және білімді адамдар. Олардың еңбегі әріптестерінің құрметіне бөленіп, жастарға үлгі болып табылады.

Олар: Кенжебеков Айбек Манатқалиұлы, «Энергожөндеу» ӨЖК энергожабдығын жөндеу цехы бастығының орынбасары; Красноцов Максим Валерьевич, 2-ЖЭО Отынды қабылдау және түсіру орталығының станция учаскесінің диспетчері; Кемпірбаева Дилфуза Абдуманонқызы, 3-ЖЭО бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші бухгалтері; Мақсұтов Ринат Қуанышбекұлы, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО турбина цехы бастығының орынбасары; Меналимов Сервер Сейтмамбетович, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО пайдаланылған майды 3 разрядты регенераторлаушы; Сагадиев Азамат Сарсинбаевич, Каскад ГЭС электр машиналары цехы бастығының орынбасары; Альбегов Александр Николаевич, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС ғимараттары мен гидроқұрылыстарын пайдалану цехының 5-разрядты моторшысы; Перекрестов Андрей Владимирович, БЖК электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 6-разрядты электр слесарі; Симонов Иван Витальевич, пайдалану басқармасының бас маманы.    

– Мен Алматы қаласы мен Алматы аймағын энергиямен жабдықтаудың өзегі, жүрегі болып табылатын ең ірі станцияда жұмыс жасайтынымды мақтан тұтамын. Біздің кәсіпорынның жылу және электр энергиясын өндіруге қосқан үлесінің маңыздылығын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінудің өзі ғажап, – деді Кенжебеков Айбек Манатқалиұлы, «Энергожөндеу» ӨЖК энергожабдығын жөндеу цехы бастығының орынбасары.  

Пайдалану басқармасының бас маманы Иван Симонов бұл оның алғашқы марапаты екенін ескере отырып, «АлЭС» АҚ Құрмет тақтасында болу үлкен мәртебе екенін айтты. Ол бұл өзі жұмыс істейтін бүкіл ұжымның еңбегі деп санайды.

Компания қызметкерлері «Самұрық-Энерго» АҚ мен «АлЭС» АҚ-дан 22 құрмет грамотасы мен 21 алғыс хат алды.