А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО және Бас кеңсе қызметкерлері «Электр станциялары мен желілерін пайдаланудың техникалық ережелері» талаптарына сәйкес бу турбинасын пайдалану деңгейін арттырудың жаңа тиімді шешімін тапты.
Бу турбинасының берілген ауқымдардағы жұмыс қабілеттілігі енді төтенше жағдайлардың туындауы жағдайында басқару органдарының шапшаң әрекетімен оңтайлана түседі. Бу турбинасының жүктемесін реттеу әркелкілігінің дәрежесі бойынша көрсеткіш 10%-дан аспайды.
№5 ст. бу турбинасында тиімді шешім енгізілді. Биылғы жылы осы турбинада күрделі жөндеу жұмыстары аясында көне гидромеханикалық реттеу жүйесі электр гидравликалық жүйеге ауыстырылды. Автоматты реттеудің заманауи жүйесі бағдарламалық-техникалық кешен, резервтелетін контроллерлер, жылдамдық датчиктері және басқару клапандары мен айналмалы диафрагма сервомоторларының кесілген золотниктерін тікелей басқаратын жеке электромеханикалық жетектер базасында жұмыс істейді, –дейді «АлЭС» АҚ Пайдалану қызметінің бастығы Михаил Решетников. – Осыған қоса, бу турбинасының мойынтіректі тораптарын майлау өзгеріссіз қалды және дабыл мен қорғаныспен қамтамасыз етілді.
Іске қосу – бапқа келтіру жұмыстарын орындау және өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде берілген диапазонда нақты реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін №5 бу турбинасының (ЭГРЖ) электр гидравликалық реттеу жүйесі сенімді жұмыс жасады.
Іске қосу операциялары жеңілдетілді және турбинаны пайдалану жоғарылады, енді оның аналитикалық жұмысқа қажетті болатын үлкен функционалдық мүмкіндіктері мен мұрағаттық деректері бар.
Электр гидравликалық реттеу жүйесінің (ЭГРЖ) негізгі артықшылықтары: