Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымдарындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты тұлғалардың көшпелі кеңесуі өткізілді.
Кеңес бағдарламасының шеңберінде тәжірибемен алмасу мақсатында 29 қарашада Екібастұз 1-ГРЭС, «АЖК» АҚ, Шардара СЭС, Мойнақ ГЭС кәсіпорындарының экологтары 2-ЖЭО аумағында ұйымдастырылған Алматы 2-ЖЭО жаңғырту жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға ықтимал әсер етулер жөніндегі есеп берілген Қоғамдық тыңдауларға қатысты.
30 қарашада 1-ЖЭО акт залында өткен 9 ай және 2021 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша кеңес өткізілді, ЕТҰ экологтарының қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы баяндамалары тыңдалды, 2022 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
1-ЖЭО аумағына экскурсиясы барысында «АлЭС» АҚ экологтары 2021 жылғы шілдеде күшіне енген ҚР жаңартылған Экологиялық Кодексінің жаңалықтарын сақтау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
«Еншілес ұйымдар экологтарының тәжірибемен алмасуы бойынша осы көшпелі кеңестің бастамашысы «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымы, біз бұл бастаманы бірден қолдадық, себебі экологиялық менеджмент жүйесінің басқа ұйымдарда қалай құрылып, қалай жұмыс істейтінін, әсіресе жаңа Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуге байланысты алқалы түрде шешілетін көптеген сұрақтар туындайтын тұста қызықты. Осындай көшпелі жиналыстар «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жақсы дәстүрге айналады» деп сенім білдіреміз әрі үміттенеміз, – деп атап өтті қоршаған ортаны қорғау басқармасының менеджері Зоя Арзюкова.