Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС: Сергей Николаевич Лагутинді құрметті демалысқа шығарып салды

 

Мектеп қабырғасында Сергей Николаевич спортпен айналысқан, жеңіл атлетикадан  15 рет Қазақстан чемпионы, ересектер арасында Қазақстанның рекордсмені болған.   

Әскери борышын орындап  келіп, ол Қапшағай құрастырмалы құрылыс конструкциялары (АТП КССК) кәсіпорны автокөлік комбинатына жүргізуші болып жұмысқа орналасты. Біздің ұйым бүкіл Қазақстан бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізді. Ұлттық Қазақстан Банкі, қазақстан ғарышкерлері коттедждерін салды, – деп еске алады Сергей Николай Николаевич. – Қапшағай  құрылысына біз белсене  қатыстық, көптеген қала нысандарын біздің кәсіпорын салды.

2007 жылы Сергей Николаевич Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС автокөлік тобының жүргізушісі болып орналасты. 

 

– Мен станцияда 15 жылға жуық жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Ұжымымыз өте тату. Мен әрқашан жұмысқа қуанышпен бардым. Зейнетке шығарда  барша ұжымыма  денсаулық, бақыт және жұмыста табыс тілеймін.

Жұмыс барысында Сергей Николаевич өзін сауатты маман және адал қызметкер ретінде көрсетті. Ол жас тар үшін үлгі болуға лайықты.  Станция ұжымы Сергей Николаевичті жылы сөздерімен шығарып салып, алғыс айтты, жарқын оқиғаларға толы көптеген тамаша күндерді тілейді, жақсы жаңалықтар мен қызықты кездесулер болсын.