Энергия компанияларының қызметкерлері арасында бильярд бойынша V мерейтойлық турнир өтті

Чемпионат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және Энергетик күніне орай 2021 жылы 3 желтоқсанда «Мәскеу» бильярд клубында өтті. Турнирге барлығы 16 ойыншы қатысты. 

– Энергетикалық компаниялар арасында бильярд спортынан Алматы қаласының Бірінші чемпионаты 2017 жылы 13 қаңтарда «АлЭС» АҚ бастамасымен «Спорт» бильярд клубында өткен болатын. Биыл мерейтойлық бесінші турнир өтті. Бұл біздің компания үшін дәстүрге айналды. Аталған жарыс түрі компания қызметкерлерінің арасындағы бильярд спортын насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүргізіледі, – деп атап өтті «АлЭС» АҚ Ұымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Манат Өксікбаев. Компания қызметкерлері үздік төрттікке енді. 

 

Турнир чемпионы – «АлЭС» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Нұржан Исабаев. Үшінші орын – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Электр цехы электр техникалық зертханасы релелік қорғаныс және автоматика жетекші инженері Дәулет Қарамолдаев, төртінші орын – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Техникалық пайдалану аға инспекторы Александр Кан. Жеңімпаздарға медальдар, дипломдар мен кубоктарды бильярд бойынша екі мәрте әлем чемпионы Ернар Шымбаев табыстады.

 

 

Турнирге «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚ, «KEGOC» АҚ командалары қатысты. Командалық есеп қорытындысы бойынша 1 орынды «АлЭС» АҚ командасы иеленді. 

Осы жобаны ұйымдастыруға көмектескені үшін «АЖК» АҚ кәсіподағына үлкен алғысымызды білдіреміз.