Еуразиялық даму банкі Алматы 3-ЖЭО қайта жаңғыртуды қаржыландыруға ниетті

 

2021 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеу қаласында Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ), «Самұрық-Энерго»  АҚ- мен «АлЭС»  АҚ арасында   «Станцияның қуатын 450 МВт-қа дейін арттырумен  бу-газ қондырғысының іргесінде  Алматы 3-ЖЭО  қайта құру» жобасын қаржыландыруды ұйымдастыру жөнінде ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Еуразиялық Конгресс аясындағы ынтымақтастық туралы келісімге ЕАДБ Басқармасы төрағасының орынбасары  Амангелді Бисенов, «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов және «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев қол қойды. 

 

 

Жобада Қазақстанның оңтүстік аймағында маневрлік қуаттардың тапшылығын ішінара жабу және соның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынудың ең жоғары жүктемелерін жабу үшін Алматы 3-ЖЭО алаңында қуаты 450 МВт-қа дейін бу-газ қондырғысының құрылысын  инвестициялық қаржыландыру көзделеді. Жобаны іске асыру 3-ЖЭО көмірден газға толық ауыстыруға мүмкіндік береді, сол арқылы өндірістің экологиялық сипаттамаларын едәуір жақсартуға, аймақтың қоршаған ортасына теріс әсерді азайтуға ықпал етеді. Жалпы үш Алматыдағы ЖЭО жаңғырту және қайта құру (соның ішінде 3-ЖЭО) Алматы қаласы мен Алматы облысының ауасына зиянды заттардың шығарындыларын жылына 50,4 мың тоннадан 6,7 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. 

 

 

 

 

– Біз бұл жобаны жүзеге асырудың мемлекет, әсіресе алматылықтар үшін маңыздылығын түсінеміз. Банк осы жобаны жүзеге асыру үшін қажетті күш-жігердің барлығын салады. Ағымдағы жылдың шілде айында  Кеңеспен бекітілген ЕАДБ жаңа стратегиясына сәйкес Банк өңірдегі «жасыл» және әлеуметтік инвестициялар нарығын дамыту міндетін белгіледі. Бүгінгі күні ЕАДБ портфеліндегі ESG-жобалардың үлесі 15% құрайды, ал аймаққа ESG инвестицияларының көлемі 700 млн. доллар. ESG желісі бойынша жобалардың көпшілігі Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылады, – деп атап көрсетті ЕАДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Амангелді Бисенов. 

 

 

 

 

 – Бу-газ технологиясы ең тиімді және әлемде кеңінен қолданылатын газды жағу технологиясы болып табылады, деді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев. – Ол электр энергиясын өндіруде табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін, экологиялық және техникалық қауіпсіздікті, энергия көзнің  маневрлігін және газ турбиналық қондырғылардың  жылдам қуат жинақтауын  қамтамасыз етеді.

 

Анықтама:

 

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) — Еуразия кеңістігінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын Халықаралық қаржы ұйымы. Қазірдің өзінде ЕАДБ 15 жылда экономикалық байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге, қатысушы елдердің Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның жан-жақты дамуына ықпал етіп келеді. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд. АҚШ доллары. ЕАДБ портфелінің негізгі үлесін  көлік инфрақұрылымы, цифрлық технологиялар салаларындағы интеграциялық энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасаумен байланысты  жобалар қамтиды. Банк өз қызметінде БҰҰ тұрақты даму саласындағы мақсаттарды және ESG принциптерін басшылыққа алады.