3 – ЖЭО өндірістік департаменті: Артур Сагингалиевич Таянов құрметті демалысқа шықты

2021 жылдың 25 қарашасында "АлЭС" АҚ 3-ЖЭО ұжымы Артур Сагингалиевичті құрметті демалысқа шығарып салды. Оның энергия жүйесіндегі үздіксіз жұмыс өтілі 35 жылды құрады.

Артур Сағынғалиұлы теориялық білімі бар жас маман ретінде Алматы 2-ЖЭО-ға 1986 жылы келді. Практикалық дағдыларды алу үшін қазандық цехында отынды ұнтақтау бойынша диірменнің машинисі, содан кейін қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы, біліктілігі 7-топтағы қазандықтарды басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі, біліктілігі 8-топтағы қазандық жабдығының аға машинисі, ауысым бастығы болып жұмыс істеді. 2002 жылы пайдалану тобының электр станциясының ауысым бастығы болып тағайындалды, 2011 жылы пайдалану жөніндегі бас инженердің орынбасары болды.

2015 жылы "АлЭС"АҚ 2-ЖЭО бас инженері болып ауыстырылды.

2020 жылдың қыркүйек айында Артур Сағынғалиұлы 3-ЖЭО бас инженері болып тағайындалды. Ол өндірісті басқару сапасын және оның техникалық деңгейін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді, өзінің міндеттерін орындау үшін қажетті арнайы білімнің үлкен көлемін игерді. Барлық өндірістік мәселелерді сауатты шешеді. Энергия үнемдеу және өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жыл сайын орындауға қатысады. 2021 жылы А.С.Тайянов "Алматы ЖЭО-3 қайта құру"  техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қатысты.              

Энергетика саласында жұмыс істеген уақытында А.С.Тайянов Қазақстан энергетикасының дамуына үлкен үлес қосты, өзін жұмыстың ең озық әдістерін қолдана алатын техникалық сауатты маман ретінде көрсетті, энергетиканың инженерлік проблемаларын терең түсінетіндігін көрсетті.

3 - ЖЭО ұжымы Артур Сагингалиевичті құрметті демалысымен құттықтайды, оптимизм мен қайраттылық тілейді. Балалар мен немерелер сізді мақтан тұтсын және еңбекқорлық пен мақсаттылықтың үлгісін алсын!