Каскад ГЭС: Бисембек Әбенұлы Сабырқұлов құрметті демалысқа шықты

"АлЭС" АҚ Каскад ГЭС -ның ұжымы Бисембек Әбенұлын еңбек қызметінің тамаша аяқталуымен және құрметті  демалысқа шығуымен шын жүректен құттықтайды. Сіз бүкіл өміріңізді энергетика саласына, бірінші кезекте Алматы қаласының тіршілік әрекетін сенімді қамтамасыз ету мен  энергия кешенін дамытуға арнадыңыз. "Казэнергоналадка" РНП турбина цехының инженер-технологы ретінде осы салада алғашқы қадам  жасап, отыз жылдан астам уақыт Қазақстанның ең ірі жылу станцияларының бірі – Алматы 2-ЖЭО-да жұмыс істедіңіз. Бұл станцияның  энергетик  кадрлардың ұстаханасы деген атаққа ие болуы  бекер емес!  Мұнда сіз турбина  цехы машинист-қараушысынан  бастап 2-ЖЭО Басқарушы директорына дейін энергетик маманның кәсіби өсуінің барлық сатысынан табысты өттіңіз. Қазақстан Республикасының жас мемлекет ретінде қалыптасуының күрделі кезеңінде өз күшіңіз бен уақытыңызды аямадыңыз. 2-ЖЭО станциясының сенімді жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар оның  технологиялық әлеуетін арттыру үшін барлығын жасадыңыз. Сіздің еңбекқорлығыңыз, өндірістегі инженерлік мәселелерді  терең түсінуіңіз және үнемі жаңа білімді игеруге деген ұмтылыстарыңыз, сондай-ақ жабдықтарға ғана емес, адамдардарға да  жауапты қарауыңыздың өзі техникалық сауатты және шебер басшы ретінде ұжымда лайықты құрметке ие етті.

Өзіңізге  тән кәсіби дағдыларыңызды, жоғары ұйымдастырушылық қабілетіңіз бен адамгершілігіңізді  Каскад ГЭС Басқарушы директоры қызметінде де анық  көрсеттіңіз.  Сіздің басшылығыңызбен Каскад ГЭС сынды көне энергия кешенін  тұрақты пайдалану,  сенімділігін қолдау және одан әрі сақтау мен дамыту перспективалары бойынша станция ұжымы аса  күрделі және бірегей міндеттерді тиімді шешіп отырды.   Каскад ГЭС ұжымы Сізге аса жоғары  құрметі мен ризашылығын  білдіреді,  шын жүректен қажымас қайрат,  зор денсаулық, бақыт және ұзақ өмір тілейді!