«2022-2026 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің бекітілгені туралы»

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамы тұтынушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №141-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №267-НҚ бірлескен бұйрығымен 2022-2026 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің бекітілгендігі туралы хабарлайды.  

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін тарифтер келесі мөлшерлерде бекітілді:

2022 жылға – 3 676,41 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);

2023 жылға – 3 749,94 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);

2024 жылға – 3 824,93 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);

2025 жылға – 3 901,43 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз);

2026 жылға – 3 979,46 теңге/Гкал (ҚҚС есебінсіз).