АлЭС: кадрлар әлеуетін дамыту - басым міндет

Бұл туралы компанияның Директорлар кеңесі мен кадрлар резервінің  кездесуінде айтылды.  

Кадрлар  резервін  құру - үздік, еңбекқор  қызметкерлерге «АлЭС» АҚ-дағы даму және мансаптық өсу мүмкіндіктерін  бере отырып, басқару сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы  болашақ басшыларды  мақсатты және жүйелі даярлау болып табылады. 

2021 жылғы 12 қарашада компанияның Директорлар кеңесінің мүшелері кадрлар резервінің құрамындағы қызметкерлермен кездесті.

— «АлЭС» АҚ кадрлар резерві - компанияның ішкі күш қуатының көзі. Сондықтан қызметкерлерді сапалы дайындау, жүйелі және үздіксіз оқыту,  жұмыс персоналын өндірістік-техникалық оқытуды ұйымдастыру, тәлімгерлік жүйесін дамыту аса маңызды.

Өйткені жабдықтарды дұрыс пайдалануды және апатсыз жұмысты білікті жұмысшы  персонал ғана қамтамасыз ете алады, - деп атап өтті өзінің кіріспе  сөзінде «АлЭС» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Серік Түйтебаев.

Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова: - Резервтегі кадрлардың «АлЭС» АҚ  басшылығымен кездесулері 2015 жылдан бері жыл сайын өткізілетін дәстүрге  айналды.  Резервистердің өздері туралы, өздерінің жетістігі мен қиындықтары, ұсыныстары   туралы айтып, ой бөлісуге мүмкіндігі бар. Директорлар кеңесінің мүшелерімен көзбе – көз кездесіп,  қарым-қатынас жасауы - жас басшылардың әрі қарай жетістіктер  мен бастамаларын  ынталандырудың құралы, деп атап көрсетті. 

«АлЭС» АҚ  Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев  біздің компаниямыздың жақын 3-5 жылда даму болашағы,  1-ЖЭО, 2- ЖЭО, 3- ЖЭО, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС - те жоспарланған реконструкциялау,  Кербұлақ ГЭС құрылысы бойынша ауқымды бірегей жобаларды іске асыру туралы  айтты.

Б. Оразбаев атындағы 1 - ЖЭО  өндірістік- техникалық бөлімінің бастығы Шаяхметов Айбек  тақырыпты жалғастырды: кездесу маған ұнады, бізге «АлЭС» АҚ энергия көздерін алдағы уақытқа жаңғыртуға  қатысты өз көзқарастарымыз бен пікірлерімізді  ашық баяндауға мүмкіндік берілді. Мен өндіріс көрсеткіштерін жақсарту және   технологиялық бұзушылықтарды азайту  бойынша атқарылған жұмыстар туралы айттым. Басшылық саланы дамытуға қатысты белгіленген перспективалық жоспарларды  болашақта іске асыру бізге - энергетиктердің жас ұрпағына үмітпен тапсырылатынын баса айтып, сол арқылы келешекке сеніммен қарап,  энергетиканың дамуына қосатын үлесіміздің  маңыздылығын сезіндіртті. «АлЭС»  АҚ-да кадрлар  резервін дайындау бойынша жұмыс тиісті деңгейде қойылған. В кадрлар  резервінде  475 қызметкер бар.