АлЭС: компания басшылығының еңбек ұжымымен кездесуі

2021 жылғы 22 қарашада компания Басқармасының мүшелері "АлЭС" АҚ өндірістік персоналымен еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары мәселелері бойынша кездесті.

Б. Оразбаев атындағы 1 ЖЭО  конференц залындағы кездесуге барлық департаменттер мен "Энергия" кәсіподағының өкілдері шақырылды.

- Компанияның табыстылығын көбінесе әлеуметтік саясат анықтайды. Қызметтің әлеуметтік бағыттары біз үшін әрқашан басым саналады. Компания басшылығы шамамен 3 ай бұрын өндірістік департаменттердегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселелері бойынша жоспарлы жұмысты бастады, - деп атап өтті Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев.

Еңбек және жалақы бөлімінің бастығы - Юрий Шашкин  орташа айлық жалақының өзгеру динамикасы және жалақы деңгейін индекстеу туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Сондай-ақ компанияның жұмыс персоналына разрядтар мен тарифтік кестелерді белгілеу, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер, жеңілдіктер мен өтемақылардың құрамы мен оларды пайдалану мәселелеріне тоқталды. Еңбекақы және әлеуметтік төлемдер қорының бюджетін қалыптастыру бойынша қолда бар мүмкіндіктер жеке қаралды.

Барлық сұрақтарға қатысушылар толық жауап алды. Сұрақтар қызметкерлердің жалақысын көтеруге, тұрғын үй проблемаларына, қолайлы еңбек және демалыс жағдайларын жасауға қатысты болды. Аталған проблемалар қарастырылып, мүмкіндігінше іске асырылатын болады. Жеке ұсыныстар 2022 жылы жасалатын ұжымдық шарттың жобасында көрініс табады.

Әлеуметтік жауапты компания бола отырып, АлЭС кәсіби энергетиктердің жаңа буынын тәрбиелеуге де, қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.