Ә. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ға Мемлекет басшысы келді

2021 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының  Президенті станция аумағында қуаты 600 МВт дейінгі бу-газ қондырғысы құрылысына дайындық барысымен танысты.

Фото с сайта: https://www.akorda.kz 

"Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына газ қондырғыларын іске қосқаннан кейін 2026 жылға қарай 2 ЖЭО-дан зиянды заттардың шығарындылары жылына 50,4 мың тоннадан 6,7 мың тоннаға дейін азаятынын айтты.

Фото с сайта: https://www.akorda.kz 

Содан кейін құрылыс жұмыстарының басталуын білдіретін ескерткіш капсула салу салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Президент жаңа қондырғының салынуы бүкіл Алматы энергия кешенін кең ауқымды жаңғыртуға жол ашатынын атап өтті.              

- Алдағы бес жылда Алматы мен Алматы облысының өңірі  тұрақты энергиямен және жылумен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысының капсуланы салып, жұмыстың басталуына   бастама беруі әрине, белгіленген жоспарларды іске асыру тұрғысынан үлкен жауапкершілікті жүктейді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото с сайта: https://www.akorda.kz 

Президент "Самұрық-Қазына" басшылығы мен қала басшылығын, сондай-ақ ЖЭО қызметкерлерін белгіленген барлық жоспарларды мерзімінде және сапалы орындауға шақырды. Ол бұл жұмыстың өте маңызды екенін атап өтті, өйткені аймақ елдің негізгі экономикалық орталықтарының бірі болып табылады.

– Ең бастысы, біз экологияны жақсартып, адамдарға таза ауа береміз. Мен үшін бұл басымдық. Мен алматылықтарға өз тарапымнан және менің тапсырмам бойынша Үкімет қаланы таза ауамен қамтамасыз ету үшін қажетті іс-қимылдар жасайды деп уәде бердім. Шынында да, бірнеше жыл бойы қала тұрғындары экологиядан  зардап шегуде. Бұл мәселені біржола шешу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото с сайта: https://www.akorda.kz 

Мемлекет басшысы жобаны Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында басталуының үлкен мәні бар екенін атап өтті.

– Мен аталған құрылыстың  Алматыға  жасыл және таза қала ретіндегі  бұрыңғы мәртебесін қайтаруға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға көмектесетініне сенімдімін, - деп түйіндеді сөзін Президент.Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев 2-ЖЭО жұмысшыларымен әңгімелесіп, оларды бүгінгі іс -шарамен  құттықтады.

Фото с сайта: https://www.akorda.kz