Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО және БЖК ӨД: «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

2021 жылғы 11-12 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесіне қамтылған  барлық  нысандарда «Қыс-2021»  Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары  өтті. Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарды пысықталды.

Алматы қ.азаматтық қорғау жылу шаруашылығы қызметіне кіретін «АлЭС» АҚ Батыс жылу кешенінің аумағы - жоспарға сәйкес оқу-жаттығудың практикалық бөлігін өткізудің негізгі орны болды.   

Үш оқу орнында өрт сөндіру,  авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зардап шегушіні биіктіктен эвакуациялау элементтері жаттықтырылды. Оқу-жаттығуға барлығы 109 адам және 28-ден астам түрлі техника тартылды.

БЖК және «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлерімен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы»  УМГ филиалы және Алматы қаласының Полиция департаментімен өзара қарым-қатынаста газ құбырындағы апат  салдарын жою  және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының  элементтері  пысықталды. 

- Біз апаттық-қалпына келтіру командасында жұмыс істейміз. Бүгін біздің команда құрамында 4 адам бар: екі дәнекерлеуші, газ кескіш және жүргізуші. Менің міндетім тез арада газ қызметімен өзара әрекетті ұйымдастыру, сонымен қатар дәнекерлеу үшін құбырдың түйіспесін әзірлеу, - деді «Энергожөндеу» ӨЖК энергожабдықтарын жөндеу учаскесінің шебері Дамир Омарханов.

- Мен газбен жабдықтауды тез қалпына келтіру үшін тігістерді тез және тиімді төсеуім керек, - деп жалғастырды сөз кезегін  «Энергожөндеу» ӨЖК электр дәнекерлеушісі Бейімбет Тоғанбеков.

АлЭС командасы оқу – жаттығу барысында  газ құбырының зақымдануын оперативтік жою бойынша кәсіби  жұмыс деңгейін  көрсетті.

Сондай-ақ, оқу-жаттығудың практикалық бөлігі Б. Оразбаев атындағы  1-ЖЭО аумағында өтті. Онда іс-әрекет жоспары бойынша мұз қатудан кейін  1000 метр ұзындықта әуе электр желілері сымдарының үзілуі орын алды. Электр сымдарын ауыстырумен авариялық- қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу керек. Тәжірибелік жаттығуларына  Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері, Алматы қаласы Жетісу ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қатысты.

Оқу-жаттығуды қорытындылай келе, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Е.А. Алибеков "АлЭС" АҚ қызметкерлеріне ұйымдастыруға  және оқу-жаттығулар өткізуге көмектескені үшін алғыс білдірді.

Подводя итоги учений, Заместитель начальника ДЧС города Алматы полковник Алибеков Е.А. выразил благодарность работникам АО «АлЭС» за помощь в организации и проведении учений.