3-ЖЭО субұрқағындағы балықтар қысқы «пәтерлеріне» көшті
Жаз маусымында және күз айының басында 3 – ЖЭО өндірістік департаментіндегі субұрқақтың көркем әрі сүңгуір тұрғындары станция қызметкерлеріне қуаныш сыйлап, көңілдерін көтерді. Қызметкерлер түскі ас кезінде субұрқақтың жанында демалды, балықтарға сүйсініп отырды, бақылап, арасында тамақтандырды да.
- Биыл біз балықтарға қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Бұл оларға бірнеше рет уылдырық шашуға мүмкіндік берді, көптеген шабақтар аман қалды. Күннің салқындауына байланысты балықтарды жылы бөлмелерге көшірдік,
- деді станцияның бас инженерінің орынбасары Сергей Бармин.
Балықтарды шабақтарымен цех ішіндегі аквариумдар мен ыдыстарға ауыстырдық. Станция қызметкерлері шабақтардың біршамасы үйлеріне асырау үшін алды. Ірі балықтарды 3-ЖЭО негізгі корпусының фойесінде орналасқан 250 литрлік аквариумға орналастырдық. Түр - түсімен қуантып, әрине арман – тілектерімізді орындайтын алтын балықтарымыз қыс бойы сонда қыстап шығады.