Балықтардың екінші өмірі

3-ЖЭО субұрқағындағы балықтар қысқы «пәтерлеріне» көшті

Жаз маусымында  және күз айының басында 3 – ЖЭО өндірістік департаментіндегі  субұрқақтың көркем әрі  сүңгуір тұрғындары станция  қызметкерлеріне   қуаныш сыйлап,  көңілдерін көтерді. Қызметкерлер түскі ас кезінде субұрқақтың жанында демалды, балықтарға сүйсініп отырды, бақылап, арасында тамақтандырды да.

- Биыл біз балықтарға қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Бұл оларға бірнеше рет уылдырық шашуға мүмкіндік берді, көптеген шабақтар аман қалды.  Күннің салқындауына байланысты балықтарды  жылы бөлмелерге көшірдік,

- деді станцияның бас инженерінің орынбасары Сергей Бармин.

Балықтарды шабақтарымен  цех ішіндегі  аквариумдар мен ыдыстарға  ауыстырдық. Станция қызметкерлері шабақтардың біршамасы үйлеріне асырау үшін алды. Ірі балықтарды 3-ЖЭО негізгі корпусының фойесінде орналасқан 250 литрлік аквариумға орналастырдық. Түр - түсімен қуантып, әрине арман – тілектерімізді орындайтын алтын балықтарымыз қыс бойы сонда  қыстап шығады.