Жұмыс қана емес: футбол - ... бүкіл өмір

Өзінің хоббиі туралы Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС  өткізу бюросының бейнебақылау операторы   Бекназар Увакбаев айтып берді. 

Бекназар Увакбаев 40 жылдан бері футбол ойнап келеді.

Ол онымен балалық шағында, 6 жасында айналыса бастады. Қапшағай қаласындағы Балалар мен жас өспірімдер спорт мектебінің футбол секциясына жазылды. Оның командасының жаттықтырушысы Валерий Иванович Бочеваров болатын, содан бері футбол оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. 

- Мәскеу "Спартагы" менің сүйікті футбол командам. КСРО заманының алтын құрамы! Әрқашан  кеңес футболының аңыздары және КСРО құрамасының әр ойынына, кумирім Федор Черенковтың ойынына таңырқап, қызығып, жанкүйерлікпен қарайтынмын.   Филигранды техника және қалыптан тыс  ойлау мен ойын тәсілі оны басқалардан ерекшелендірді! – деп есіне алды кейіпкеріміз.

Бекназар Одессович кәсіби  футболшы  болды.  Қазір ол ардагерлер  деңгейде ойнап, өнер көрсетеді. Арасында ардагерлер командасының құрамында Алматы қаласының чемпионатына қатысады.  Қазіргі уақытта футболды  балалық шақтан бірге өскен достарымен ойнайды.

- Футбол мен үшін-бұл бүкіл өмір, тура жәнесөздің ауыспалы мағынасында да! Қазір өзім ойнап қана қоймай, сонымен қатар,  жұмыстан бос уақытымда   жергілікті Қапшағайдың  10-12 жастағы ұлдарын жаттықтырамын. Маған оларға білгенімді үйрету, баптау өте ұнайды.

Бапкерлік - бұл табиғи бейімділікке негізделген кәсіп десе де болады. Бұл салаға келгеніңізде сізді баурап алатын,  соншалықты тартымды, оған қоса ынталы, талабы мол жасөспірімдер бірге жұмыс жасаған да зор қуаныш.

 

Сіз өз шәкірттеріңіздің футболдағы да, одан тыс жерлердегі де жетістіктеріне қатар қуанасыз. Өмірді жаттықтырусыз, бапкерліксіз  елестету қиынға соғады! Жаттығулар аптасына төрт рет өтеді, әр топтың уақыты мен жүктемесі  бойынша өзіндік мөлшері  бар!

Қазіргі уақытта менің 30 оқушым бар. Мен ойнағанда немесе балаларым ойнағанда керемет сезім мен адреналинді сезінемін!

Футбол командасы  жұмыс істеуге үйретеді, рухты, физикалық және күшті тәрбиелейді. Бекназар Одессович моральдық, сондай-ақ мінез бен жеңіске деген ерік-жігерді шыңдайтын спорт түрімен жаттығуға  және барлық футбол жанкүйерлерін осы әдемі ойынды жүйелі түрде ойнауға шақырады.