Өзара тиімді серіктестік

Компанияда "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КЕАҚ-ның 503 түлегі жұмыс істейді. 2019-2020 жж. бейінді ЖОО-ның 57 түлегі жұмысқа қабылданды. Үнемі тәжірибе алмасып отырады: компания қызметкерлері дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысады, университетте бинарлық дәрістер өткізеді, ал "Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ" КЕАҚ оқытушылары "АлЭС" АҚ-да тағылымдамадан өтуде.

- "АлЭС" АҚ және "Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ" КЕАҚ арасында әлеуметтік серіктестік туралы шарт жасалды. Біз студенттерді дуалды оқыту формасы және тағылымдамадан өткізу бойынша серіктестіктеміз, білім беру бағдарламаларын келісімдейміз. Сондықтан бізге жыл сайын студенттер келеді, олар біз туралы бұрыннан білетін және кейбірі тәжірибеден өткен. Менің ойымша, бұл студентке мақсатты түрде жұмыс орнын таңдауға, ал бізге студенттерді жұмысқа тартуға мүмкіндік беретін жақсы тәжірибе, - деп атап өтті АлЭС АҚ Қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова.

"Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ" КЕАҚ-ның ынтымақтастығы шеңберінде 2021 жылы "АлЭС" АҚ қызметкерлері үшін қашықтықтан оқыту базасында екінші жоғары білім алуға 50% корпоративтік жеңілдік ұсынылды. Компания қызметкерлері "жылу энергетикасы" және "тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" мамандықтары бойынша білім алады. Биылғы жылы 17 жұмысшы келіп түсті. Оқу мерзімі алғашқы біліміне байланысты 2-3 жыл. Компания қызметкерлері оқу құнының қалған 50% - ын өз қаражатынан төлейді.

"Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ" КЕАҚ ректоры Сәуле Сағынтаева "АлЭС" АҚ-ның ел экономикасы үшін кадрлар даярлауға қосқан үлесін жоғары бағалап, кәсіби табыстар мен одан әрі ынтымақтастық тілей отырып, алғыс хаттар жолдады.