Қауырсынды қонақтар стратегиялық объектінің жұмысына кедергі келтірмейді
Бірнеше жыл бойы келіп жүрген суқұзғыны станцияның аумағында уақытын көңілді өткізуде.
- Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-інде суқұзғыны шамамен 5 жыл бұрын пайда болған, құстар 200-ге дейін ерекше түрлері бар. Бастапқыда олар Белая деп аталатын жартасты мекендеген, бірақ соңғы 2-4 жыл ішінде олар асхана маңындағы жағалауға көшті", - деді Анатолий Миллер, станцияның байланыс және есептеу техникасы тобының байланыс бөлімінің бас маманы.
Білу қызықты!
Суқұзғыны сүңгуінің максималды тереңдігі белгіленбеген, бірақ ол 15 метрге дейін түсетіні анық. Бұған қарамастан ол демін 1,5-2 минут ұстап тұра алады. Суқұзғыны бірден ұшып кете алмайды. Ауаға көтерілу үшін ол жартастан жартасқа секіруі немесе жүгіруі керек.
Станция аумағында құстардың ұя салмайтыны қызық, олар тек шипажайда жатқан тәрізді демалып қана кетеді. Сәуір айында ұшып келіп, қараша айының басында қайта мекендеріне оралады. Олардың қай жерде балапан басатындары ешкімге белгісіз.
Білу қызықты!
Азияда суқұзғындарын балықшылар пайдаланады. Оларға қарғыбаулы шылбыр тағып қояды екен. Суқұзғыны балық аулайды, бірақ оған тағылған шылбыр балықты жеуіне кедергі болады. Сөйтіп балықшы олжасын алып, құсты қайтадан теңізге жібереді.
Кейбір сарапшылар суқұзғындары өмір бойы бір жұппен ғана жүреді деп топшылайды. Мұндай жұптар өз ұяларын салып, үлкен топтарға қосылып, тұқымдарын көбейтеді екен.