Спорт энергиясы

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық құрметіне орай   «АлЭС» АҚ қызметкерлері арасында Спартакиада өтті

Спартакиада 2021 жылғы 23 қазанда Қазақстан спорт және туризм академиясының залында өтті. Жарысқа 9 құрама команда, үш жүзге жуық спортшы қатысып, спорттың алты түрі бойынша 18 кубок пен 93 медаль жеңіп алды. Жарыс бағдарламасына үстел теннисі, волейбол, баскетбол (стритбол), армрестлинг, шахмат, шағын футбол кірді. Жарыс нәтижелерін әділ бағалау үшін Қазақстан спорт және туризм Академиясынан тәуелсіз қазылар алқасы арнайы шақырылды.

Спартакиада ойындардың салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Іс-шараның қатысушылары мен қонақтары үшін ұйымдастырушылар мазмұнды бағдарлама дайындады. Күннің бірінші жартысында волейбол командалары жарысты. Бірінші орынды "Энергожөндеу"ӨЖК командасы алды. Екінші орында - Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО командасы қанжығасына байласа, үшінші орын А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО командасына тиесілі болды.

– Біз үшінші орын алдық, біздің команда лайықты қарсыластармен жақсы ойнады деп есептеймін. Мен 12 жастан бастап волейбол ойнаймын. Бұл командалық ойын, онда ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Болашақта біз Нұр-сұлтан қаласына "Самұрық-Энерго" АҚ спартакиадасына барамыз деп үміттенемін", - деп волейболдан құрама мүшесі, "Энергожөндеу" ӨЖК автоматиканы және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Әбдіров Әли өз ойымен бөлісті.

Таңертең армрестлингтен жарыстар өтті. Бірінші орынды 3-ЖЭО командасы, екінші орынды БЖК және үшінші орынды Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО командасы алды.

- Мен бес жылдан астам уақыт армрестлингпен айналысып келемін. Төрт жыл бұрын Нұрсұлтан қаласында өткен спартакиадада 3-орын алдым, - деді 65 кг дейінгі санаттағы әйелдер арасындағы армрестлингтен жеңімпазы, 3-ЖЭО жөндеу инженері Светлана Болдыкова. - Тырысамын, күнделікті деп айта алмаймын, бірақ жүйелі түрде жаттығып тұрамын. Жалпы, командалық рух мені қатты көтереді. Әріптестерім үшін уайымдаймын, сондықтан әрдайым жарыстарға қатысамын. Әріптестерімнің бақытты жүздерін көру мен үшін бақыт. Біздің 3-ЖЭО командасымен мақтанамын.

Сонымен қатар баскетбол (стритбол) бойынша жарыстар өткізілді. А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО командасы 1-орынды жеңіп алды, БЖК-ның командасы 2-орынды, ал үшінші орынды Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС командасында иеленді.

- 20 жылдан астам баскетбол ойнаймын. Мен жұмыс аяқталғаннан кейін аптасына бір-екі рет кешкі уақыттарда бір жарым сағаттай жаттығамын. Маған осы спорт түріндегі динамика, дәлдік, сезімдердің өткірлігі ұнайды. Баскетбол (стритбол) бойынша спартакиадаға 8 команда қатысты. Біз бес ойын ойнадық (үш топ, жартылай финал және финал) және оның жеңімпазы болдық. Мүмкіндігінше осындай іс-шараларды жарты жылда бір рет өткізуді ұсынамын. Бұл денсаулықты нығайту үшін де, компанияның корпоративтік рухын көтеру үшін де қажет,-деп атап өтті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Антон Арзюков.

Үстел теннисінен жарыста бірінші орынды "Энергожөндеу" ӨЖК командасы, екінші орынды Каскад ГЭС, ал үшінші орынды – ОҚТО командасы иеленді.

- Спорт ұжымды біріктіреді, бұл денсаулық та, ұжымдағы жақсы қарым – қатынас та, достық та. Мен жүйелі түрде үстел теннисін ойнаймын, маған бұл спорт ұнайды. Команда жүлдегерлерге кірмегенімен, барлық қарсыластар лайықты болды, сондықтан күрес табанды болды. Балалардың дайындығы өте жақсы. Бұл іс - шараға қатысқаныма қуаныштымын, - деп жалғастырды Айсұлу Иржанова, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы.

Спартакиадада департамент және бас кеңсе қызметкерлері арасында шахматтан чемпионат өтті. Турнирге әр департаменттен екі қатысушыдан 18 адам қатысты. Жарыс қызу тартыста өтті, оның нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Турнир жеңімпазы А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО командасы болды. Екінші орында – 3-ЖЭО командасы. Үшінші орынды "Энергожөндеу" ӨЖК командасы жеңіп алды.

- Алты жасымда шахмат ойнауды менің атам, Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі үйретті. Біз бірге шахматшылардың турнирлерін бақылап, әртүрлі партияларды талдадық. Ол мені жеңетін де, менің мақсатым оны жеңу керектігін айтатын. Менің атам әрқашан жеңіске деген ұмтылысымды қолдады. Маған ашық шахмат ойыны ұнайды, менің басты әдісім фианкетто. Мен шахматты шахматтан төртінші әлем чемпионы Александр Алехиннің, он үшінші әлем чемпионы Гарри Каспаровтың және  он алтыншы әлем чемпионы Магнус Карлсен ойындарынан үйрендім. Шахмат ойнауды үйренгісі келетіндердің барлығына Максим Омариевтің "Шахматқа жаңадан келгендердің 21 сыни қателігі" кітабын ұсынамын, - деп бөлісті шахмат турнирінде бірінші орын алған А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО БААЖ инженері Шохан Тұранов.

Көрермендердің ең көп саны шағын футбол жарыстарына жиналды. Соңғы кезеңге дейін барлық командалардың қызу күресі болды. Нәтижесінде А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО командасы жеңіске жетті, екінші орынды 3-ЖЭО  командасы алды, үшінші орын "Энергожөндеу"ӨЖК командасына берілді.

- Бала кезімнен футбол ойнаймын. Бүгін командада жартылай қорғаушымын. Біз күн сайын жақсы ауа-райында түскі ас кезінде станциядағы спорт алаңында футбол ойнаймыз. Бізде 5-6 адамнан тұратын екі команданы тұрақты түрде жинайды. Біз ұйымшыл команданың және жеңіске деген үлкен сенімнің арқасында жүлдегерлердің үштігіне кірдік, - деді "Энергожөндеу" ӨЖК автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Бейбіт Байнұсыров.

Жанкүйерлер өз командаларын керемет қолдады.

- Спортшылар мен компания қызметкерлері спартакиадада  бірігетіні және жеңіске ұмтылатындығы қатты қуантады. Әріптестеріңді жұмыстағы қалыпты жағдайда футболшылар, волейболшылар, баскетболшылар емес, ең алдымен, техникалық мамандар ретінде жұмыс барысымен бір-бірімен байланыста болып жатқандарын көргенде, оларды спорттық киім киген, кәсіби спорттық ойындарда өздерін қалай көрсете алатындығын елестету оңай емес.

Осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін басшылыққа және кәсіподаққа үлкен алғысымды білдіремін. Баршаңызға денсаулық және спортпен шұғылдануға тілектеспін, - деп атап өтті БЖК Басқарушы директоры, компанияның барлық командалары үшін жанкүйер болған Әлібек Тастанбеков.

Жалпы командалық есепте А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО командасы жеңіске жетті, екінші орынды "Энергожөндеу" ӨЖК командасы, ал үшінші орынды – 3-ЖЭО командасы иеленді. Залда спорттық мереке атмосферасы орнады. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спартакиадада барлық сақтық шаралары сақталды.