Кәсібінде 30 жыл

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО су жылыту қазандығы сорғы қондырғыларының машинисі Лариса Павловна Мамонова өз жұмысы туралы айтып берді

- Станцияда жұмыс істеген,  қазір  "АлЭС" АҚ Оқу орталығында сабақ беретін  Галина Нечепуренконың арқасында энергетика саласына  келдім. Сондықтан менің бүкіл еңбек жолым энергетикамен тығыз байланыста болып келеді. 1990 жылдың желтоқсанында Б.Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО қазандық цехы су жылыту қазандығының операторы болып жұмыс істей бастадым. Біздің жұмысымыз бір жағынан маңызды әрі  ауыр, екінші жағынан қызықты және тартымды. Энергетик болуға әркімнің батылы бара бермейді. Бұл салада  кездейсоқ адамдар жоқ.

Ұжымдағы әріптестерім басынан ақ жылы шыраймен  қабылдады. Білмегенімді үйретті, көмектесті,  Галина Петровна Шевчук мені қайталады, ол станцияда көп жыл жұмыс істеді және қазір ЖЭО тұрағында жұмыс істейді. Мен тағдырымда да маңызды рөл атқарған Ильинична Гутованың махаббатын ерекше ризашылықпен еске аламын. Қазір ол ұлымен Санкт-Петербургте тұрады. Әлі күнге дейін араласамыз, хабарласып тұрамыз. Ол мен үшін әріптес қана емес, сонымен қатар  дос, тәлімгер және жақсы адам.

Станцияда ерекше атмосфераның қалыптасқанын  атап өткен жөн. Бұл біздің екінші отбасымыз, бұл артық айтқаным емес, себебі әр адам өз жұмыс орнында болуы керек. Ең бастысы-өзіңді және сүйікті ісіңді табу. Менің ойымша, табысқа жетудің кілті - еңбекте. Әлсіздік танытпау, талпыныс болған жағдайда, мүдде мен жеке еңбекпен  мақсатыңа, жеңіс пен жетістіктерге жетуге болады.

2017 жылы 1-ЖЭО газға ауыстырылды. Сондықтан мен газ-мазут шаруашылығына ауыстым. Қазір мен су жылыту қазандығының сорғы қондырғыларының машинисімін. Станциядағы мазут резервті отын болып табылады. Мен мазут шаруашылығы қазандығының операторы болып ауысқан алғашқы кездерде біршама сасқалақтадым. Шағын апаттан кейін мен мазутты қолмен немесе шүберекпен қалай жинау керектігін білмедім. Бірақ маған әріптестерім  бірден түсіндірді, бәрі қарапайым екен, мазут үстінен құм себілген соң,  оңай алынып тасталады екен.  Тәжірибе біртіндеп, уақыт өте жинақталады,  адамның қалауы мен ынтасы болса, бәрі жақсы болады. Жақсы адамдармен қарым – қатынас жасаған,  көтеріңкі  көңіл – күй өмірде маған жақсы көмектеседі, ал адамдардың өтірігі, дөрекілігі мен енжарлығы  кедергі келтіреді.

Біздің мамандығымыз физикалық тұрғыдан ауыр әрине, сондықтан оны негізінен ер азаматтар  атқаратын болып саналады. Алайда оны әйел балаларының   да орындауына тыйым салынбайды. Әрқашан жаны нәзік әйел затыңды, өз табиғатыңды  сақтап қалғаның абзал. Егер жұмыс ұнаса және қызықтырса, шабыттандырса, онда сіздікі болғаны. Бүгінде әйелдер көп нәрсе істей алады. Маған қиындықтарға қарамастан, атқаратын жұмысым ұнайды. Кәсібіңді жақсы көруің керек. Бұл аса  маңызды. Энергетиктердің жұмысында оң және теріс жақтары бар. Плюстерге мамандыққа деген сұранысты, қызметтік өсу мүмкіндігін айтсам болады. Кемшіліктерге, әрине, қауіп пен тәуекелдің болуы жатады. Сол себепті үнемі сақтық шараларын  сақтап, жазымға әкелуі мүмкін шағын қатердің өзін ескеріп отырған жөн.

 

Ұжымда ондаған жылдар бойы кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар аз емес. Бұл басшылықтың еңбек адамының қажеттіліктеріне қамқорлығы мен назарын білдіреді. Жұмыс істеген жылдары басшылық тарапынан көптеген марапаттарға ие болдым, олардың арасында 1-ЖЭО Құрмет тақтасы, "АлЭС" АҚ алғыс хаты және т. б. бар.

Менің ЖЭО-дағы жұмысым - бұл менің жалпы кәсіпорынға қосқан үлесім және өмірімнің құндылығы деп санаймын.