Қаламызды таза ұстайық!

«АлЭС»АҚ жұмыскерлерінің ұсынысы

2021 жылдың 14 қазанында Батыс жылу кешенінің қызметкерлері Оңтүстік Астананы абаттандыру бойынша сенбілік өткізді. 2- ЖЭО  мен БЖК арасындағы жылу трассасының бойындағы аумақ шамамен бес сағат көлемінде тазаланды.

Осы уақыт ішінде тек тас жолдың бойымен іргелес аумақтың үш шақырымы тазартылды, бірнеше ондаған тонна қоқыс пен құрғақ ағаш бұталары жиналды.

Жаппай жинау тоқсан сайын жүргізіледі. Алайда, кейбір немқұрайды тұрғындардың салдарынан  жылу трассасының бойында шүберектер, шиналар, тамақ қалдықтары, шыны және пластикалық бөтелкелер және т. Б. Қоқыс түрлері  қайтадан пайда болады. Тазаланатын жерде емес, қоқыссыз жерде тазалық болады! Біз барлық тұрғындарды қаламызды таза етуге! Шақырамыз – деді БЖК Басқарушы директоры Әлібек Тастанбеков.

Аудан әкімдігімен бірлесіп жиналған қоқыс шығарылды. Осылайша, бірлескен күш-жігермен 2- ЖЭО – БЖК жылу трассасының бойында тазартылды. Сол арқылы қоқыс тастамауға және бір-бірімізді  ғана емес, өзімізді де құрметтеуге үйренейік.