Б.Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО өндірістік департаменті: негізгі жабдық іске қосылды

Қазақстандағы ең көне станциялардың бірі Алматы 1-ЖЭО 2017 жылдан бастап газбен жұмыс істейді. Жазғы уақытта ол жөндеу жұмыстарына тоқтатылады. Станция тоқтаған кезеңде негізгі және қосалқы жабдықтар: жеті су жылыту қазандығы, бес энергетикалық қазандық және барлық қосалқы жабдықтары бар екі турбоагрегат жөнделді.

2021 жылғы 2 және 3 қазанда станцияны іске қосудың бекітілген бағдарламасына сәйкес жылу және электр энергиясын өндірумен 1-ЖЭО бұру бойынша іске қосу жұмыстары басталды. Тоғызыншы қазандық агрегатын жұмысқа қосу арқылы 2 қазаннан бастап Алматы қаласының жылу магистральдарына жылу энергиясы берілді. 2021 жылғы 3 қазаннан бастап кейіннен электр желілеріне берілетін электр энергиясы өндіріледі.

- Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қызметкерлерінің үйлесімді және білікті іс-әрекеттерінің арқасында станцияны бұру бойынша ұйымдастыру іс-шаралары өз  мерзімінде орындалды. Барлық негізгі және қосалқы жабдықтар 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайын, - деп атап өтті станцияның Басқарушы директоры Исахан Сырғабаев.

Биыл 25 қазанда Алматы 1-ЖЭО 86 жылдығын атап өтеді. Алматы орталық электр станциясының (қазіргі 1-ЖЭО) бірінші кезегін жобалау және салу 1931 жылы басталған болатын. Ал 1935 жылғы 25 қазанда алғашқы агрегат өнеркәсіптік жүктемеге қойылды. 1936 жылы 1,8 млн кВт*сағ электр энергиясы өндірілді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш электр энергиясын өндіру станцияның бір тәуліктегі жұмысына тең. Алғаш рет Алматы 1-ЖЭО жылу энергиясын 1961 жылы өндірді.

Бүгінгі таңда 1- ЖЭО  станциясы  38 306 млн кВт*сағат электр энергиясын және 154,7 млн Гкал жылу энергиясын өндіреді.