«АлЭС» АҚ: 2020-2021 жж. жылыту маусымына дайындық

Алматы қаласында 2020-2021 жж. жылыту маусымы қала әкімінің  01.10.2021ж. №4/495 Қаулысына сәйкес 2 қазаннан басталды.

Жылыту маусымына дайындық мақсатында "Алматы электр станциялары" АҚ барлық кәсіпорындарында негізгі және резервтік отынның қажетті пайдалану қоры жинақталған. Бүгінгі күні "АлЭС" АҚ-да жөндеу жүргізілді және резервтік қазандықтар мен турбиналарды ескере отырып, қысқы максималды жүктемемен жұмыс істеу кезеңінде жылыту қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті энергия көздері жабдықтарының жеткілікті құрамы дайындалды.

"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Алматы электр станциялары" АҚ 2021-2022 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде барынша көп жүктеме алуға дайындығын растайтын паспорт алды. ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті "АлЭС" АҚ объектілері жабдықтарының дайындығына тексеру жүргізді және 2021 жылғы 5 қазанда энергия өндіруші ұйымдардың 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.

Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы "АлЭС" АҚ Батыс жылу кешені жабдықтарының дайындығына тексеру жүргізді және 2021 жылғы 6 қазанда 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.

"АлЭС" АҚ электр және жылу энергиясын жіберу бойынша өзінің шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындайды.