Оныншы мерейтойлық «Алматы марафоны» 2021 жылғы 26 қыркүйекте өтті. «Алматы марафоны» - Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон. Алғашқы «Алматы марафоны» 2012 жылы өтті (коронавирустық пандемияның басталуына байланысты 2020 жылы іс-шара тоқтатылған).
- Мен Алматы марафонына үшінші жыл қатысып келемін. Бірнеше рет қысқа қашықтыққа жүгірдім, екі рет жартылай марафоннан өттім. Биыл алғаш рет 42,2 км жүгірдім, марафонға бір жылға жуық дайындалдым, - деп бөлісті Ғазий Исмұхамбетов. - Менің бірінші міндетім-жүгіріп жету, екіншісі – уақытты қадағалау, яғни үш жарым сағатта жүгіріп жету. Компанияның барлық қызметкерлерін спортпен және өз денсаулықтарымен айналысуға шақырамын. Марафондарға қатысыңыздар!
Марафонда қашықтықтың барлық нұсқалары ұсынылған. Марафон бағдарламасына мына қашықтықтар кіреді: 3 км (10-14 жас аралығындағы балалар), 10 км, 21,1 км (жартылай марафон) және 42,2 (марафон) және 10 км скандинавиялық жүріс. Тек қолайлы қашықтықты таңдап, қатысуға болады.
Биыл Алматы марафонына 5,5 мыңнан астам адам қатысты. «АлЭС» АҚ ұжымы Ғазий Жұмабайұлын бірінші орынмен шын жүректен құттықтайды! Сізге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!