Көк тудың тұсында әйел бейнесін суреттедім... Себебі «Жер-ана» - бұл Отан Ана», - деп жай ғана жауап берді балалар суреті байқауының жеңімпаздарының бірі Мерей Берліқызы

2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында «АлЭС» АҚ-да жыл сайынғы балалар суретінің байқауы өтті. Ол білім және мұғалімдер күніне орайластырылды. Биылғы жылы Компания қызметкерлерінің 186 баласы байқауға қатысты.

Дәстүр бойынша барлық балалар жас ерекшеліктері бойынша тақырыптарға сурет салды. 5-7 жас аралығындағы балалар «Менің сүйікті ертегім», 8-12 жас аралығындағы балалар «Отбасы+мектеп», ал 13-15 жас аралығындағы ересектер тобы «Қазақстан - менің туған өлкем»  тақырыптары бойынша жұмыстарын тапсырды.

Жұмыстар түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған. Ұсынылған жұмыстардың авторлары арасынан жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы байқау комиссиясы құрылды.

- Комиссия мүшелеріне ең жақсы жұмыстарды таңдау өте қиын болды, өйткені әр бала тақырыпты қамтуға бар ынтасын салып, әлемге деген көзқарасын бейнелеген. Әр жұмыс өзінше керемет,-деп бөлісті 3 - ЖЭО кәсіподағының төрайымы, комиссия мүшесі Гүлнара Жаманбаланова.

Байқау қорытындысы бойынша «Менің сүйікті ертегім» номинациясы бойынша:

1 орын – Николенко Елизаветаның жұмысы (6 жас), 3-ЖЭО қазандық цехы өндірістік учаскесінің аға шебері Валерий Николенконың қызы;

2 орын- Бақтыбаева Алтынайдың жұмысы (7 жас), Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС шаруашылық меңгерушісі Гүлжан Бақтыбаеваның қызы;

3 орын – Киркица Джулиананың жұмысы (6 жас), «Энергожөндеу» ӨЖК арматуралы-механикалық цехының 5-разрядты механикалық жинау жұмыстарының слесарі Максим Киркицаның қызы.

«Отбасы+мектеп» номинациясы бойынша:

 1 место-Еркебұланқызы Ажардың жұмысы (12 жас), 3-ЖЭО химиялық талдау зертханашысы Елмұратова Раушанның қызы;

2 орын-Ерғалиұлы Нұртастың жұмысы (10жас), А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО компрессорлы қондырғылар машинисі Әбесова Назираның ұлы;

3 орын – Сұңғат Арнұрдың жұмысы (11жас), БЖК жылу автоматикасы және өлшеу цехының 5-разрядты диспетчерлік жабдықтың және телеавтоматиканың электрмонтері Мұратов Радиктың ұлы.

«Қазақстан - менің туған өлкем» номинациясы бойынша:

1 орын –Мерей Қанаттың жұмысы (14 лет), «Энергожөндеу» ӨЖК  өндірістік-техникалық бөлімнің 1 санаттағы инженер-конструкторы Берик Аузенің қызы

2 орын – Киргинцева Полинаның жұмысы (14 жас), «Энергожөндеу» ӨЖК арматуралық-механикалық цехының 4 разрядты жоңғышы Киргинцев Андрейдің қызы;

3 орын – Хайрушина Ғазизаның жұмысы (13 жас),  Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Оразбаева Лайлінің қызы.

- Біз балаларымыздың дамуына үлкен көңіл бөле отырып, олардың шығармашылық әлеуетін және таланттарын ашуға үлес қосамыз, бұл байқау  оларда патриоттық және ата-анаға деген мақтаныш сезімін дамытады. Байқау біздің балаларымыздың дамуына ықпал етеді, шығармашылық рухты оятады деп үміттенеміз, - деді «АлЭС» АҚ Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова. Байқау комиссияның шешімі бойынша байқауға қатысқан барлық балалар «АлЭС» кәсіподағы» филиалының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.