АлЭС: әлеуметтік әріптестік Бүгінде компанияда колледждің 366 түлегі жұмыс істейді

«АлЭС» АҚ «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК-мен 25 жылдан астам бірге қызмет етіп келеді. Екінші жыл бейінді компаниялардың қызметкерлері талапкерлерді онлайн қабылдау қорытындыларын қарау бойынша емтихан комиссияларының жұмысына қатысады.

Биыл 27 тамызда қызметкерлерді дайындау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова бейіндік колледжде қабылдау комиссиясының мүшесі болды, онда талапкерлердің автоматтандырылған емтиханының қорытындылары бекітілді.

- Эпидемиологиялық жағдайға байланысты екінші жыл орта білім (9 сынып) және жалпы орта (11 сынып) базасында күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерден құжаттарды қабылдау онлайн форматта жүргізілуде. Құжаттарды қабылдау EGOV және bilimalmaty.kz. мемлекеттік порталдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте бұрынғыдай қабылдау тестілеуі жоқ. Студенттерді қабылдау аттестаттың, бейіндік және міндетті пәндердің – физика, математика, оқыту тілі және т.б. орта балы бойынша жүргізіледі.

 «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы техникалық және кәсіптік білім беретін жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.  50 жыл бойы халыққа жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлауда білім беру қызметтерін ұсынып келеді. Білім беру қызметтерін ұсыну саласындағы колледж қызметінің жарты ғасырында энергетика саласында 15 мыңнан астам орта буын мамандары даярланды. Олардың көпшілігі «АлЭС» АҚ-да еңбек етеді, бүгінгі таңда колледждің 366 түлегі жұмыс істейді.